User Guide - Windows 8
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда
орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру функциясын пайдалану кезінде, жойылған стандартты
бағдарламалар тізімі сақталады жəне сізге қажет болуы мүмкін қолданбаларды оңай қайта
орнатуға мүмкіндік беріледі. Стандартты бағдарламаларды қайта орнату туралы нұсқаулар алу
үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз. Бастау экранында с
əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз
.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану барысында рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау)
тармағын қараңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Қалпына келтіру функциясын іске қосу үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін, меңзерді бастау экранының жоғары немесе төменгі оң
жақ бұрышына жылжытыңыз.
2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер
параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында
Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз.
4. Восстановление ПК без удаления файлов (
Файлдарды жоймастан ДК қалпына келтіру)
ішінен Начало работы (Жұмысты бастау) пəрменін таңдаңыз, одан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату
Кейде, компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді
толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруды қалайсыз немесе жеке ақпаратыңызды алғыңыз
келеді. Осы бөлімде компьютерді оның бастапқы күйіне қайтару үшін жылдам əрі оңай əдіс
сипатталады. Бұл мүмкіндік арқылы барлық жеке мəліметтер, бағдарламалар мен параметрлер
жойылып, Windows жүйесі қайта орнатылады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл мүмкіндік арқылы мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесі
жасалмайды. Бұл мүмкіндікті пайдаланбас бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Бұл мүмкіндікті f11 пернесін басу арқылы немесе бастау экранында іске қоса аласыз.
f11 пернесін пайдалану үшін:
1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне
келтіру)
параметрін таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 83










