Help Guide - Windows 8

VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол
сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге
қосады.
VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз.
HDMI (тек таңдаулы үлгілерде)
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты видео немесе дыбыстық
құрылғыларға немесе кез-келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құрылғыларға жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI
кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
Компьютердің HDMI портына бір ғана HDMI құрылғысын жалғауға болады. Компьютер
экранындағы ақпарат бір мезгілде HDMI құрылғысында да көрсетіледі.
Бейне 37