Help Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы
компьютер үлгілерінде ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту
мақсатында қолданылады. Қосымша ақпаратты
Ауыспалы/қосарлы графикалық режимдер (тек
таңдаулы үлгілер) 49-бетте бөлімінен қараңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
HP Support Assistant құралдармен қамтамасыз етеді жəне батарея туралы ақпарат береді.
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік)
пəрменін таңдаңыз.
●
Батарея жұмысын тексеруге арналған батареяны тексеру құралы
●
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс
күтім мен сақтау туралы ақпарат
●
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін
▲
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы
қуат көзіне жалғануы тиіс.
2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін
тексереді жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
▲
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң
жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның
сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Қуат параметрлерін орнату 43










