Help Guide - Windows 8

3. Қатты дискіні бекіту үшін оның 4 бұрандасын бұрап қатайтыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
немесе қайта қою 58-бетте бөлімін қараңыз).
5. Батареяны салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 45-бетте қараңыз).
6. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда, қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Амалдық жүйе тиімді
жұмыс істеуі үшін, дискіні дефрагментациялау құралы қатты дискідегі бөлініп қалған файлдар
мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгіш диск жетектерінде істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы басталғаннан кейін, ол қараусыз жұмыс атқарады. Қатты
дискінің өлшеміне жəне бөлініп қалған файлдар санына байланысты, дискіні
дефрагментациялау құралының аяқталуы үшін бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны
түнде немесе компьютерді ашу қажет болмайтын кездегі басқа уақытта іске қосылатын етіп
орнатуыңызға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды
ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады.
62 Бап 8 Дискілер