Help Guide - Windows 8

позицияға орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының
оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы таңбаны басыңыз.
Бағдарламалық құрал қосылған жағдайда, қатты диск белгішесінің үстінен баттасып жасыл
құсбелгі шығады.
Бағдарламалық құрал өшірілген болса, қатты диск белгішесінің үстіне қызыл түсті Х белгісі
қойылады.
Дискілер қауіпсіз орналастырылғанда, қатты диск белгішесінің үстіне сары ай белгісі
қойылады.
Хабарландыру аймағында белгіше қосылмаған болса, оны қосу үшін келесі қадамдарды
орындаңыз:
1. Бастау экранында c əрпін жазып, Анықтама жəне қолдау опциясын таңдаңыз.
2. Құрал жəне дыбыс > HP 3D DriveGuard параметрін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иə түймешігін
басыңыз.
3. Тапсырма тақтасындағы белгіше жолынан Көрсету пəрменін таңдаңыз.
4. OK түймешігін басыңыз.
Қуатты қауіпсіз позицияға орнатылған қатты диск көмегімен басқару
HP 3D DriveGuard дискіні қауіпсіз позицияға орнатқан болса, мына жағдайлар орын алады:
Компьютер өшпейді.
Компьютер ұйқы режимін қоспайды.
Компьютерде Предупреждения (Ескертулер) қойыншасының Электропитание (Қуат
параметрлері) аймағында орнатылған батарея ескертулері іске қосылмайды.
Компьютерді жылжытпас бұрын, HP компаниясы оны алдымен өшіруді немесе ұйқылық күйге
ауыстыруға кеңес береді.
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын пайдалану
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралы сізге мына əрекеттер орындауға мүмкіндік береді:
HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралын қосу жəне өшіру.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушылық құзырыңызға байланысты, HP 3D DriveGuard мүмкіндігін
қосу немесе өшіру рұқсатыңыз болмауы мүмкін. Əкімші болып табылмайтын
пайдаланушылардың құзырын əкімшілік топтың мүшелері өзгерте алады.
Жүйедегі дискінің қолдауы бар-жоқтығын анықтау.
64 Бап 8 Дискілер