Help Guide - Windows 8
Оптикалық дискіні салу
Науалық салғыш
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Диск салғышты шығарып алу үшін, диск салғыш беткі тақтасындағы шығарып алу
түймешігін (1) басыңыз.
3. Диск салғышты (2) ашыңыз.
4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары
қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап
орналастырыңыз.
5. Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
6. Диск салғышты жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск салғаннан кейін диск жетегінің қысқаша тоқталуы қалыпты құбылыс. Егер
медиа ойнатқышы таңдалмаған болса, AutoPlay терезесі ашылады. Ол сізге медиа мазмұнын
қалай пайдаланатыныңызды таңдауды ұсынады.
Оптикалық дискілерді шығарып алу
Науалық салғыш
Диск салғыш ашылған немесе ашылмаған жағдайға байланысты дискті шығарып алудың 2
жолы бар.
Диск салғыш қалыпты түрде ашылған жағдайда
1. Диск салғышты шығару үшін, жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін (1) басып,
салғышты (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз.
66 Бап 8 Дискілер










