Help Guide - Windows 8
Оптикалық жинақтағыш дискілерді ортақ пайдалану
Компьютерде ішкі оптикалық диск жетегі болмаса да, бағдарламалық құралды оңай
пайдалануға, қолданбаларды орнатуға, желідегі басқа компьютерге жалғанған оптикалық диск
жетегін ортақ пайдаланып, деректерді алуға болады. Диск жетектерін ортақ пайдалану — бір
компьютерге жалғанған диск жетегін сол желідегі басқа компьютерден пайдалануға мүмкіндік
беретін Windows амалдық жүйесінің мүмкіндігі.
ЕСКЕРІМ: Оптикалық диск жетегін ортақ пайдалану үшін желі қажет. Желінің параметрлерін
орнату туралы қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 17-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Фильм жəне ойын DVD дискілері сияқты кейбір дисктер көшірілуден қорғалған
болуы мүмкін, сондықтан DVD немесе ықшам диск жетігінің ортақ қолданысына жарамайды.
Оптикалық драйвы бар компьютердің оптикалық драйвын ортақ қолдану үшін:
1. Бастау экранына п деп теріп, Проводник (Жетектеуші) белгішесін басып, Компьютер
пəрменін таңдаңыз.
2. Ортақ қолданылатын оптикалық диск жетегін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз.
3. Ортақ пайдалану қызметінен Жетілдірілген ортақ пайдалану параметрін таңдаңыз.
4. Share this folder (Қалтаны ортақ пайдалану) ұяшығына құсбелгі
қойыңыз.
5. Ортақ атау мəтін ұясына оптикалық диск драйвының атын енгізіңіз.
6. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
7. Пуск (Бастау) экранында с əрпін теріңіз. Іздеу жолында сеть и общий доступ (желі
жəне ортақ қолдану) деп жазып, Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз жəне
көрсетілген опциялардың бірін таңдаңыз.
RAID пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
RAID технологиясы компьютерде екі немесе одан да көп қатты дискіні бір уақытта қатар
қолдануға мүмкіндік береді. RAID технологиясы көмегімен аппараттық немесе бағдарламалық
құрал параметрлері арқылы бірнеше дискілер біртұтас диск ретінде қолданылады. Егер
бірнеше диск біртұтас диск ретінде жұмыс істейтіндей етіп орнатылған болса, олар RAID
мөлшері деп аталады. Қосымша ақпаратты RAID пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Пайдаланушы нұсқаулықтарының соңғы
нұсқасын алу үшін, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау
үшін мына торапқа өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
RAID пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)69










