Help Guide - Windows 8
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге қолданылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей
тұрғанда немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін,
(сенсорлы тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows
жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
●
Орнату құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады
жəне жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Қалыпты HP ProtectTools мүмкіндіктеріне қоса BIOS құпия сөзі
арқылы қорғау қамтамасыз
ету үшін, HP ProtectTools қауіпсіздік басқарушысының құпия сөзі болып табылатын
енгізілген қауіпсіздік құпия сөзін Computer Setup құралы арқылы іске қосуға болады.
Енгізілген қауіпсіздік құпия сөзі енгізілген қосымша қауіпсіздік чип картасымен бірге
пайдаланады.
● Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады.
● Егер HP SpareKey бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup құралындағы BIOS
əкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы
кіруіңізге болады.
●
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі
құпия сөзінің екеуін де ұмытып қалсаңыз, осы құпия сөздермен қорғалған қатты диск
мүлдем жабылып қалады жəне оларды қолдану ары қарай мүмкін болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін жəне Windows қауіпсіздік
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының бірнеше
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз:
●
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
●
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
●
HP құпиясөз менеджерін қолданып, барлық қолданушы атаулары мен веб-сайттар мен
қолданбалар үшін
жасалған құпиясөздерді сақтаңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте
оларды қауіпсіз оқуыңызға болады.
●
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде əдетте қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшісінің құпия сөздерінің тізімі
берілген жəне олардың функциялары сипатталған.
Құпия сөздерді пайдалану 71










