Help Guide - Windows 8

Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
əкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушы құпия сөзі* Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
*Windows əкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату
туралы ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу
үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРІМ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия
сөзді жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын
алуға қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия
сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін
орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды жəне бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін
іске қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің əрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе
көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Сұралғанда, құпия сөзді теріңіз.
72 Бап 9 Қауіпсіздік