Help Guide - Windows 8
4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін YES (Иə) пəрменін таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File
(Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock қорғау мүмкіндігін жою
Computer Setup утилитасында DriveLock қорғау мүмкіндігін жою үшін мына қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock құпия
сөзі) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін
enter пернесін басыңыз.
4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Disable protection (Қорғауды жою)
пəрменін таңдаңыз.
7. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі
сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол
компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені,
бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі
мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен
қорғауды қамтамасыз
ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануға кеңес беріледі.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану 79










