HP Laptop User's Guide - Linux

Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Сымсыз байланыс пернесін сымсыз желілік контроллердің жəне Bluetooth контроллерінің екеуін
бір уақытта өшіру мен қосу үшін пайдаланыңыз. Оларды Басқару орталығы немесе
Компьютерді орнату арқылы жеке-жеке басқаруға болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс пернесінің орналасқан орны туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану
Сымсыз не сымды желі құрылғысын қосу немесе ажырату үшін
1. Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен
нұқыңыз.
2. Мына құрылғылардың біреуі немесе бірнешесін қосу не ажырату үшін, төмендегі
құсбелгілердің біреуін қойыңыз немесе алып тастаңыз:
Включить сеть (Желіні қосу, барлық желілік құрылғылар үшін)
Сымсыз байланысты қосу
WLAN құрылғысын қолдану
Сымсыз байланыс арқылы компьютер Wi-Fi немесе WLAN желілеріне қосылады. WLAN сымсыз
жол жоспарлағышы немесе сымсыз кіру нүктесі арқылы байланысқан басқа компьютерлер мен
керек-жарақтардан тұрады.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты жасау немесе пайдаланушылардың желіге кіруіне рұқсат ету
кезінде түбірлік құпиясөзді енгізу сұралады.
WLAN құрылғысын қолдану 17