HP Laptop User's Guide - Linux

Бар WLAN желісіне қосылу
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс түймешігінің жəне сымсыз байланыс
шамының орналасқан орындары туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте
бөлімінен қараңыз.
2. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое
соединение (Желілік қосылыс) белгішесін басыңыз.
Бар сымсыз желілер Беспроводные сети (Сымсыз желілер) тізімінде көрсетіледі.
3. Қажет сымсыз желіні таңдаңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады, бұл қауіпсіздік коды болып табылады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Автоматты анықталмаған желіге қосылу үшін, Сетевое соединение (Желілік
қосылыс) белгішесін басыңыз да, Соединение со скрытой беспроводной сетью
(Жасырын сымсыз желіге қосылыс) пəрменін таңдаңыз. Кірістірілген қауіпсіздік жүйесі
кодын енгізіп, шифрлау параметрлерін орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN желілерінің тізімі көрсетілмесе жəне желіңіз жасырын болмаса,
сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе кіру нүктесінің сыртындасыз.
Егер сіз қосылғыңыз келетін желіні көрмесеңіз, тапсырмалар тақтасының оң жағындағы
хабарландыру аймағында орналасқан Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін
басып, Изменить соединения (Қосылыстарды өзгерту) пəрменін таңдаңыз.
18 Бап 3 Желі байланысын орнату