HP Laptop User's Guide - Linux

Таңдау
Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері
ретінде пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін
сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Қимылдардың əрқайсысы туралы ақпарат көру үшін
1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Сенсорная
панель (Сенсорлы тақта)
белгішесін басыңыз.
3. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасында құрылғыны нұқып,
Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
4. Қимыл мүмкіндіктері туралы ақпарат қарап шығу үшін қимылды таңдаңыз.
Қимылдарды қосу жəне ажырату үшін
1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Система (Жүйе) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Сенсорная
панель (Сенсорлы тақта)
белгішесін басыңыз.
3. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасында құрылғыны нұқып,
Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
4. Қосылатын немесе өшірілетін қимылдың жанына құсбелгі қойыңыз.
5. Применить (Қолдану) пəрменін таңдап, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
Түрту
Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтаның түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Таңдау үшін сенсорлы тақта аймағын бір саусақпен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі
рет түртіңіз.
26 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар