HP Laptop User's Guide - Linux
Шымшу/Масштабтау
Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
Бұру
Бұру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді.
▲
Нысанға меңзерді апарыңыз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң
сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері бұру үшін, оң сұқ саусақты сағат тіліне
қарсы 90 градус жүргізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Бұру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға
арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істей бермеуі мүмкін.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік теңшелімі, басу жылдамдығы мен меңзер параметрлерін жəне басқа құрылғылар
параметрлерін өзгерту үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Мышь
(Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
28 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар










