HP Laptop User's Guide - Linux
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін құрылғы
параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату
құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе
Цифровое
устройство вывода (HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін таңдаңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Playback devices (Ойнату
құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Speakers (
Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Бейне құрылғыларын пайдалану 33










