HP Laptop User's Guide - Linux

Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу немесе қайта
қою
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас
бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге қол
жеткізу үшін, қызмет көрсетуге арналған қақпақты алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты алу үшін:
1. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 38-бетте
бөлімін қараңыз).
2. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты босату үшін, батарея ұясын өзіңізге қаратып,
қосымша қауіпсіздік бұрандасын (1) алыңыз (егер қосымша бұранда қолданылса,
Қосымша
қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 44-бетте бөлімін қараңыз), одан кейін қақпақты босату
ысырмаларын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны батарея орнының
ішінде сақтай аласыз.
3. Қызмет көрсетуге арналған қақпақты компьютердің алдыңғы жағына (3) қарай сырғытып,
оны көтеріп (4) алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына орналастырыңыз.
46 Бап 7 Дискілер