HP Laptop User's Guide - Linux

Қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына салу үшін:
1. Қызмет көрсетуге арналған қақпақтағы ілгектерін компьютердегі (1) кетіктерге
туралайтындай етіп төмен еңкейтіңіз.
2. Қызмет көрсетуге арналған қақпақтың артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2)
компьютердегі кетіктерге енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Босату ысырмалары қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнына (3)
автоматты түрде бекітеді.
3. Қызмет көрсетуге арналған қақпақ орнына түскенше (4) оны батарея орнының ішіне
сырғытыңыз жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған қақпақты орнында бекіту үшін
қосымша қауіпсіздік бұрандасын (5) салып қатайтыңыз.
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану туралы ақпаратты
Қосымша қауіпсіздік
бұрандасын пайдалану 44-бетте бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны батарея орнының
ішінде сақтай аласыз.
4. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 38-бетте бөлімін
қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы, күту режимінде немесе ұйқы күйінде болғанда қатты дискіні шығармаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 47