HP Laptop User's Guide - Linux
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау
▲
Компьютер (Компьютер) > Приложения (Қосымша қолданбалар) тармақтарын таңдаңыз,
одан кейін сол жақ аймақтағы Audio & Video (Аудио жəне бейне) пəрменін таңдаңыз.
Мультимедиалық бағдарламалар мен құралдардың тізімі көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Енгізілген оптикалық дискіге Nautilus бағдарламасын немесе жұмыс үстеліндегі
белгішені пайдалану арқылы қол жеткізуге болады. GNOME жұмыс үстелінде көрсетілетін
тілқатысу терезесін пайдалану арқылы кірістірілген медиа түрі үшін əдепкі бағдарлама
ашылады немесе басқа бағдарламаны таңдауға мүмкіндік беріледі. Көрсетілген тізімнен
элеметті таңдамай ОК түймешігі басылса, əдепкі бағдарлама ашылатын болады. Егер ашылған
бағдарлама керек болмаса, тілқатысу терезесіндегі тізімнен
басқа бағдарламаны таңдау қажет.
Қажет бағдарламаны тізімнен таңдағаннан кейін ОК түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Шифрланған Blu-Ray жəне DVD дискілеріне үшінші жақ тараптарының ұсынылатын
бағдарламалық құралынсыз қолдау көрсетілмейді.
52 Бап 7 Дискілер










