HP Laptop User's Guide - Linux

Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады
Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз.
Күту режимінен немесе ұйқы күйінен шығыңыз.
Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз.
Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі
ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан
кейін қатты дискіден көшіріңіз.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен
хабарласу
Егер осы нұсқаулықтағы ақпарат арқылы мəселе шешілмесе, НР компаниясының
тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен мына мекенжай бойынша байланысуға болады:
http://www.hp.com/go/contactHP
ЕСКЕРІМ: Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/
wwcontact_us.html веб-торабындағы Contact HP worldwide (НР компаниясының дүние жүзі
бойынша қолдау орталығына хабарласу) сілтемесін таңдаңыз.
Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады:
НР компаниясының маманымен Интернет арқылы чат сеансын жүргізу.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір тілде техникалық қолдауға байланысты сөйлесу мүмкін болмаса,
ағылшын тілін пайдалануға болады.
HP тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына электрондық хат жіберу.
HP компаниясының Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының дүниежүзілік телефон
нөмірлерін табу.
HP компаниясының қызмет көрсету орталығын табу.
Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығымен хабарласу 85