product management

Сия картридждерін мұқият ұстаңыз. Орнату кезінде түсіріп алу, сілку немесе оған немқұрайлы
қарау уақытша басып шығару ақауларын туғызуы мүмкін.
Принтерді тасымалдап жатқан болсаңыз, принтерден сия ағуының және принтерге төнуі мүмкін
басқа зақымдардың алдын алу үшін келесі әрекетті орындаңыз:
Принтерді ( Қуат ) түймесін басып өшіргеніңізді тексеріңіз. Принтерді өшіргеннен кейін
ішкі қозғалыстар дыбысы тоқтағанша күте тұрыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерді
өшіру бөлімін қараңыз.
Принтерді тегіс орнатылған күйде тасымалдау қажет; ол бүйіріне, артқы, алдыңғы немесе
жоғары жағына орналастырылмауы қажет.
ЕСКЕРТУ: HP корпорациясы басып шығару мәселелері мен сияны артық пайдалану немесе сияға
зақым келу ықтималдығының алдын алу мүмкін болған кезде кез келген жоқ картриджді жылдам
ауыстыруды ұсынады . Сия картридждері жоқ кезде принтерді қосуға болмайды.
Анықталған сия деңгейлерін тексеру
HP принтер бағдарламалық құралынан немесе принтерді басқару тақтасынан бағаланған сия
деңгейлерін тексеруге болады. HP принтерінің бағдарламалық құралы туралы қосымша ақпарат алу
үшін Принтердің басқару құралдары бөлімін қараңыз.
Анықталған сия деңгейлерін принтер басқару тақтасынан тексеру
Принтер күйінің есебін басып шығару үшін ( Бас тарту ) түймесін бес секундтай басып
тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сия деңгейі ескертулері мен көрсеткіштері тек қана жоспарлау мақсатында ғана
бағалауларды береді. Сия деңгейінің төмендігі туралы ескертуді алған кезде ықтимал басып шығару
кідірістерін болдырмау үшін қосымша картридж болған жөн. Басып шығару сапасы жарамсыз
болғанға дейін картридждерді ауыстырудың қажеті жоқ.
ЕСКЕРТПЕ: Қайта толтырылған немесе қайта шығарылған картриджді немесе басқа принтерде
қолданылған картриджді орнатқан болсаңыз, сия көрсеткіші мұқият емес немесе қол жетімсіз болуы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Картридждердегі сия әртүрлі әдістегі басып шығару үрдісінде қолданылады, олар басып
шығаруға принтер мен картриджді дайындайтын бастапқы күйді және принтер қондырмасының таза
болуын және сияның тегіс ағуын қамтамасыз ететін басып шығару механизмінің қызметін қамтиды.
Қосымша, қалдық сия қолданылғаннан кейін картриджда қалып қояды. Қосымша ақпарат алу үшін
www.hp.com/go/inkusage бөлімін қараңыз.
Сия картридждерін ауыстыру
Принтер үшін ауыстырылатын сия картридждері әлі де болмаса, Cия картридждеріне тапсырыс беру
бөлімін қараңыз. Барлық картридждер барлық елдерде/аймақтарда қолжетімді емес.
ЕСКЕРТУ: HP корпорациясы басып шығару мәселелері мен сияны артық пайдалану немесе сияға
зақым келу ықтималдығының алдын алу мүмкін болған кезде кез келген жоқ картриджді жылдам
ауыстыруды ұсынады . Сия картридждері жоқ кезде принтерді қосуға болмайды.
Пайдаланылған сия жабдықтарын қайта пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP сия жабдықтарын
қайта өңдеу бағдарламасы бөлімін қараңыз.
KKWW Анықталған сия деңгейлерін тексеру 43