product management

Сымсыз түймесі мен шам үлгілері туралы қосымша ақпарат алу үшін Бақылау тақтасы шамдарының
сілтемесі бөлімін қараңыз.
Сымсыз желіде принтерді орнату
Сымсыз жылдам іске қосу нұсқаулығын сымсыз желіде принтерді орнатуға көмектесу үшін басып
шығаруға болады.
Сымсыз жылдам іске қосу нұсқаулығын басып шығару
( Ақпарат ) түймесін үш секундтай басып тұрыңыз.
HP принтерінің бағдарламалық құралы арқылы сымсыз байланысты орнату
1. HP принтер бағдарламалық құралын әлі орнатпасаңыз, HP бағдарламалық құралының CD
дискісін компьютерге салып, келесі қадамдарды аяқтаңыз:
(Windows): Сұралған кезде Сымсыз түймесін басып, содан кейін экрандағы нұсқаулықтарды
орындаңыз.
(OS X): Бағдарламалық құрал CD дискісіндегі HP орнату құралы белгішесін екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP принтер бағдарламалық құралын компьютерге орнатып қойсаңыз, келесі қадамдарды
аяқтаңыз:
а. (Windows): Принтердің бағдарламалық құралын ашыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін HP
принтерінің бағдарламалық құралын ашыңыз (Windows) бөлімін қараңыз.
ә. Windows 8 және 8.1: Қызметтік бағдарламалар түймесін басыңыз.
б. Принтерді және бағдарламалық құралды орнату параметрін таңдаңыз.
в. Жаңа принтер қосу түймесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
а. (OS X): НР қызметтік бағдарламасының белгішесін екі рет басыңыз (Hewlett-Packard
қалтасында орналасады, ол қатты дискінің жоғарғы деңгейінде Бағдарламалар
қалтасында орналасқан).
ә. HP қызметтік бағдарламасы құралдар тақтасында Бағдарламалар белгішесін басыңыз.
б. НР бағдарламасын орнату көмекшісі түймесін екі рет басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
2. Принтер сәтті қосылған соң көк Сымсыз шамы жыпылықтауды тоқтатып, қосулы тұрады.
Принтердің басқару тақтасынан сымсыз байланысты орнату
Сымсыз маршрутизаторда немесе сымсыз кіру нүктесінде WPS түймесі ( белгішесі бар түйме немесе
“WPS” жапсырмасы бар) бар екендігін, WPS орнатуы WPA шифрлауымен қосылғандығын тексеріңіз.
1.
Принтерді басқару тақтасында ( Сымсыз ) түймесін үш секунд басып тұрыңыз. Сымсыз
байланыс шамы жыпылықтап бастайды.
2. Сымсыз маршрутизаторда немесе сымсыз кіру нүктесінде WPS түймесін 3 секундтай басып
тұрыңыз. Екі минуттай күте тұрыңыз. Принтер сәтті қосылса, Сымсыз шамы жыпылықтауды
тоқтатып, тек жанып тұрады.
48 6-тарау Желі орнату KKWW