product management

Принтер үшін ұсынылған қағаз түрлерін қолданыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін Басып шығару
үшін ұсынылатын қағаздар бөлімін қараңыз.
Принтерде қағаз бітейін деп тұрса, алдымен принтерге қағаздың қалғанын қолдануына рұқсат
беріп, одан кейін қағазды қосыңыз. Принтер басып шығарып жатқанда қағаз салмаңыз.
Принтердің таза болуын тексеріңіз. Қосымша ақпарат алу үшін Принтерге күтім жасау бөлімін
қараңыз.
Принтер кареткасын тазалау
Принтер кареткасын бітеп тұрған қағаз сияқты кез келген нысанды алып тастаңыз.
Қосымша ақпаратты Қағаз кептелістерін жою бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Кептелген қағазды алып тастау үшін кез келген құралды немесе басқа құрылғыларды
пайдаланбаңыз. Принтер ішінен кептелген қағазды алғанда әрқашан сақ болыңыз.
Басып шығару кареткасы жылжымаса, басып шығару кареткасының кептелісін жоюға онлайн
режиміндегі HP ақауды жою құралын пайдалану үшін осы жерді басыңыз. Бұл уақытта осы веб-сайт
барлық тілде қолжетімді болмауы мүмкін.
Принтерді бастапқы қалпына келтіру
Принтердің бастапқы желі параметрлерін қалпына келтіруге болады.
Принтердің бастапқы желі параметрлерін қалпына келтіру
Принтердің басқару тақтасында ( Сымсыз ) түймесін және ( Бас тарту ) түймесін шамамен
бес секунд басып тұрып
, кейін түймелерді босатыңыз.
82 8-тарау Мәселені шешу KKWW