Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel жəне Centrino – Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгілері. AMD Advanced Micro Devices корпорациясының сауда белгісі. SD логосы - осы меншік иесінің сауда белгісі. Java – Sun Microsystems, Inc корпорациясының АҚШ-тағы сауда белгісі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарғы жағы ......................
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау ....... 24 Меңзегіш құрылғыларды пайдалану ............................................................................................... 24 Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату ................................................................ 24 Сенсорлы тақтаны қолдану ............................................................................................. 24 Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу .........................
Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек таңдаулы үлгілерде) ........................................................................................ 40 Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу .............................................................. 40 Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу ................ 41 Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану ..................................... 41 Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау ...................
Қатты дискіні орнату ........................................................................................ 59 Қатты дискінің жұмысын жақсарту .................................................................................. 59 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ......................................... 59 Дискіні тазалау құралын пайдалану ............................................................... 60 9 Қауіпсіздік .............................................................................
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics ............................................................... 81 Computer Setup пайдалану .............................................................................................................. 81 Computer Setup қызметін бастау ..................................................................................... 81 Computer Setup қызметінде шарлау жəне таңдау .........................................................
x
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері нұсқаулығын оқыңыз. КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows түймешігі басыңыз. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді. Құралдар Берілетін ақпарат Параметрлерді орнату нұсқаулары постері ● Компьютерді орнату туралы ● Компьютер бөліктерін анықтау бойынша көмек Windows 8 Basics (Windows 8 Негіздері) нұсқаулығы Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Құралдар Берілетін ақпарат Шектеулі кепілдік* Кепілдік туралы ақпарат Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и сервисы (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз. – немесе – http://www.hp.com/go/orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Жоғарғы жағы Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сол жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (4) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: Caps lock қосулы. (2) Дыбысты өшіру шамы ● Сары: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Сары: Дыбыс өшірілген. ● Өшірулі: Микрофон қосулы. ● Ақ: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы жəне/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ● Сары: барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. (3) (4) Микрофон дыбысын өшіру шамы Сымсыз байланыс шамы (5) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функциялық пернемен, num lk пернесімен, esc пернесімен немесе b пернесімен бірге басылғанда жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows түймешігі Ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтарады. ЕСКЕРІМ: Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат түймешігі Қуатты қосады немесе өшіреді. (2) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютер ұйқылық күйде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі. (3) Бұруды құлыптау түймешігі Экран бағдарын Альбомдық немесе Портреттік режимде құлыптайды. ЕСКЕРІМ: Ноутбук пен планшет арасында ауысу кезінде, компьютер экраны тігінен немесе көлденеңінен автоматты түрде бұрылады. Ағымдағы экран бағдарын құлыптау үшін экран бағдары түймешігін құлыптау позициясына жылжытыңыз.
Бөлік (8) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/ Аудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлақаспаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Үндеткіш Дыбыс шығарады.
Артқы көрінісі Бөлік Сипаттама (1) RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады. (2) USB 3.0 порттары (1) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат өнімділігімен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 50-бетте бөлімінен қараңыз. (3) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
(6) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (7) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер тұрақты ток арқылы жұмыс істеуде.
Дисплей ЕСКЕРТУ: Ноутбук ретінде пайдалану кезінде дисплейдің топсаларын зақымдамау үшін, дисплейді сағат тіліне қарсы бағытта бұруға жəне күштеп бұруға болмайды.
Ноутбукты планшетке өзгерту 1. Дисплей артқа қарап тұрғанша оны 180 градусқа сағат тілімен бағыттас бұрыңыз. 2. Дисплейді пернетақтаның үстінен еңкейтіңіз. Планшетті ноутбукке кері өзгерту үшін əрекеттерді кері ретпен орындаңыз. Бөлік Сипаттама (1) Сыртқы жарық сенсоры Дисплейдің жарықтығын сыртқы жарық деңгейіне байланысты арттырады немесе төмендетеді. (2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған қақпақ Ішінде қатты диск, сымсыз желі модулі ұясы, сымсыз кең аймақ желісінің ұясы (тек таңдаулы үлгілерде) жəне жад модулінің ұялары болады. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) Батарея орны Батареяны ұстап тұрады. (5) Батарея орнының қақпағын ашу ысырмасы Батарея қақпағын батарея орнынан босатады.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану Үлгісіне байланысты компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғы жəне бір не екі сымсыз байланыс шамы болады. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Егер сымсыз байланыс шамы ақ жанып тұрса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған.
Интернет провайдерін пайдалану Үйде Интернет байланысын орнату кезінде, Интернет провайдерінің (ISP) есептік жазбасын орнату қажет. Интернет қызметін жəне модемді сатып алу үшін жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз. Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді.
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау үшін, келесі сақтық шараларын қолданыңыз: ● Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз. Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP мобильді кең жолақты модулі компьютерге WLAN желілерімен салыстырғанда WWAN арқылы Интернетке көбірек орындардан жəне үлкенірек аймақтардан кіруге мүмкіндік береді. HP мобильді кең жолақты байланысы, көптеген жағдайларда ұялы байланыс операторы болып табылатын, (ұялы байланыс операторы деп аталатын) желі қызметінің провайдерін қажет етеді. НР мобильді кең жолақты желісінің қамту аясы ұялы телефон дауысының қамту аясымен бірдей.
SIM картасын салу жəне шығару ЕСКЕРТУ: Қосқыштарға зақым келтіруді болдырмау үшін SIM картасын орналастыру кезінде қатты күш салмаңыз. SIM картасын салу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Дисплейді жабыңыз. 3. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 4. Қуат сымын айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. 5. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 6. Батареяны алыңыз. 7.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді. Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. Компьютермен бірге жеткізілген Windows 8 Негіздері нұсқаулығын қараңыз.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет жылдам түртіңіз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта немесе сенсорлы экран (тек таңдаулы үлгілерде) меңзер əрекеттерін саусақтармен басқару үшін меңзегіш құрылғыны экранда жылжытуға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы экраны бар компьютерде қимылдарды дисплей немесе сенсорлы тақтада жəне олардың екеуінде пайдалана аласыз. Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды.
Бір саусақты сырғыту Бір саусақты сырғыту экранда шарлауға мүмкіндік береді. ● Сенсорлы тақта аймағына саусағыңызды орналастырып оны меңзерді сенсорлы экранда қажет бағытта жылжыту үшін сырғытыңыз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін сенсорлы тақтада түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз. ● 26 Таңдау үшін, сенсорлы тақта аймағын бір саусағыңызбен түртіңіз. Элементті ашу үшін оны екі рет түртіңіз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз. Шымшу/масштабтау Қысу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Бұл қимыл барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Үстіңгі жиекті сипау Үстіңгі жиекті сипау қимылы бастау экранында қол жетімді бағдарламаларды ашуға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз.
Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы жақында ашылған бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. Жақында ашылған қолданбалар арасында қозғалу үшін саусағыңызбен сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен сипап өтіңіз. ● 30 Бағдарламалар арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз.
Пернетақтаны пайдалану Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows түймешігі ашық болған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Жылдам пернелерді анықтау Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің біреуінің (3) тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз. Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f2 Настройки электропитания (Қуат параметрлері) терезесін көрсетеді. fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды.
Пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. fn+f11 Пернетақта жарықтандырғышын қосады жəне сөндіреді. ЕСКЕРІМ: Пернетақтаның артқы жарығы зауытта іске қосылады. Батарея қызмет мерзімін арттыру үшін пернетақта жарықтандырғышын өшіріңіз. fn+f12 Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРІМ: Бұл перне сымсыз қосылысты орнатпайды. Сымсыз қосылысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне өшіру Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық пернетақтаны өшіру үшін fn+num lk пернелерін қайта басыңыз. ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанғанда, енгізілген сандық пернетақта өшеді.
5 Мультимедиа Компьютеріңізде мыналар болуы мүмкін: ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген динамик(тер) ● Кірістірілген веб камера ● Алдын ала орнатылған мультимедиялық бағдарламалық құрал ● Мультимедия түймешіктері немесе пернелері Медиа белсенділігі пернелерін пайдалану Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, оның мультимедиялық файлдарды ойнату, тоқтату, жылдам алға қарай немесе артқа қарай айналдыратын мынадай медиа əрекеттері пернелері болу мүмкін: ● Медиа түймешіктері ● Медиа жылдам
Дыбыс деңгейін реттеу Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, дыбыс деңгеін мыналарды пайдаланып реттеуге болады: ● Дыбыс деңгейі түймешіктері ● Дыбыс деңгейін басқаруға арналған пернелер тіркесімдері (fn пернесімен бірге басылатын арнайы пернелер) ● Дыбыс деңгейі пернелері АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранында з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін таңдаңыз. 2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен сөйлеңіз. Файлды Windows жұмыс үстеліне сақтаңыз. 3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз да, жазылған файлды ойнатыңыз. Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін 1.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын қараңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз. DisplayPort DisplayPort компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық құралдарына жалғайды.
6 Қуатты басқару ЕСКЕРІМ: Компьютерде қуат түймешігі немесе қуат қосқышы болуы мүмкін. Қуат түймешігі термині осы нұсқаулықта қуатты басқару элементтерінің екі түрін көру үшін қолданылады. Компьютерді өшіру ЕСКЕРТУ: компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық бағдарламаларды жауып, дисплей мен компьютерді өшіреді.
Қуат параметрлерін орнату Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану Ұйқылық күй зауытта іске қосылады. Ұйқылық күй қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмысыңыз жадқа сақталады. ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауы, аудио немесе бейне ойнату жұмысының жоғалуы немесе ақпараттың жоғалу қаупін азайту үшін, дискіден не сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде ұйқы күйін қоспаңыз.
Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу немесе күйден шығу Пайдаланушы таңдауымен күту күйін қосу жəне басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пəрменін пайдаланыңыз. 1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Укажите действие кнопки питания (Қуат түймешігінің əрекетін таңдаңыз) сілтемесін нұқыңыз. 3.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2. Сол жақ тақтадан Запрашивать пароль при пробуждении (Оянғанда құпия сөз сұрау) тармағын таңдаңыз. 3.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу HP Support Assistant құралдармен қамтамасыз етеді жəне батарея туралы ақпарат береді. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді. – немесе – ● Хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд деңгейі туралы хабарландыру береді.
Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін 1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз. 2. Батареяны батареяның орнына отырғанша 45 градус бұрышында (1) енгізіңіз. Батареяны орнына түскенше төмен қарай бұрыңыз (2). Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
Батарея қуатын үнемдеу ● Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Параметры (Параметрлер) жəне Параметры питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз. ● Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз. ● Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем бағдарламаларынан шығыңыз. ● Оларды қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін, компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу жөнінде қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Айнымалы ток адаптерін тексеру Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: ЕСКЕРІМ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге қатысты қолданылады. 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4.
7 Сыртқы карталар мен құрылғылар Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Таңдамалы сандық карталар ақпаратты қауіпсіз сақтау жəне қолайлы ортақ пайдалану мүмкіндігін береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Сандық картаны шығарып алу ЕСКЕРТУ: Ақпарат жоғалуының немесе жүйенің жауап қатпау қаупін азайту мақсатында сандық картасын қауіпсіз шығарып алу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Ақпаратты сақтап, сандық картамен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан жабдықты шығару белгішесін басыңыз. Одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Картаны (1) басып, оны ұясынан (2) шығарып алыңыз.
USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдау қаупін азайту үшін, құрылғыны күштеп қоспаңыз. ▲ Құрылғының USB кабелін USB портқа жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Төмендегі сурет пен компьютер көрінісінің арасында біраз айырмашылық болуы мүмкін. Құрылғы табылғанда белгілі бір дыбыс естіледі. ЕСКЕРІМ: USB құрылғысын бірінші рет қосқан кезде хабарландыру аймағында компьютер құрылғыны анықтағанын білдіретін хабарлама шығады.
Қосымша сыртқы құрылғыларды пайдалану ЕСКЕРІМ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз. Сыртқы құрылғыны компьютерге жалғау үшін: ЕСКЕРТУ: Қуатты құрылғыны жалғағанда құралдың зақымдалу қаупін азайту үшін құрылғының өшіріліп, қуат сымының айнымалы ток көзінен ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге жалғаңыз. 2.
Қондыру қосқышын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Жалғау ұясы компьютерді қосымша жалғау құрылғысымен байланыстырады. Қосымша қондыру құрылғысы компьютермен қолдануға болатын қосымша порттар мен ұялармен қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: мүмкін.
8 Дискілер Дискілерді ұстау ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар қолданылатын үрдістерде қамтылған. Мына ескертулерді қарап шығыңыз: 54 ● Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді жылжытпас бұрын, оны күту режиміне қойып, экранның тазалануын күтіңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыстап ажыратыңыз.
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді. Қатты дискілерді пайдалану ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз. Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Сервистік қақпақты орнына салу Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін 1. Сервистік қақпақты дұрыстап туралай отырып, оны орнына салыңыз (1) жəне қақпақ өз орнына түскенше оны батарея орнына қарай сырғытыңыз (2). 2. Техникалық қызмет көрсетуге арналған орынды өзіңізге қаратып, қажет болса, шағын SD картасының жақтауын орнына салыңыз.
Қатты дискіні шығарып алу Қатты дискіні шығару үшін: 58 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз. 3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз. 4. Батареяның қақпағын жəне батареяның өзін алып тастаңыз. (Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру 46-бетте бөлімін қараңыз). 5. Техникалық қызмет көрсетуге арналған орын қақпағын орнына салыңыз.
Қатты дискіні орнату ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Қатты дискіні орнату үшін: 1. Қатты дискіні ұясына еңкейтіп кіргізіңіз де, ұяның ішінде тегіс ұстап орнатыңыз. 2. Қатты дискінің бұрандасын бекітіңіз. 3. Сервистік қақпақты дұрыстап туралай отырып орнына салыңыз. (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 56-бетте бөлімін қараңыз.) 4. Батареяны салыңыз (Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру 46-бетте бөлімін қараңыз). 5.
Дискіні тазалау құралын пайдалану Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады. Дискіні тазалау құралын қосу үшін: 60 1. Бастау экранында диск деп теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Освобождение места на диске за счет удаления лишних файлов (Қажетсіз файлдарды жою арқылы дискіде орын босату) пəрмендерін таңдаңыз. 2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
9 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыштар сияқты əрекет ету үшін жасалған. Бұл сақтандырғыштар өнімді күтімсіз ұстаудан немесе ұрланудан қорғамауы мүмкін.
Компьютер қаупі Қорғау қызметі Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану ● Желіаралық қалқан бағдарламасы ● Windows жаңартулары ● HP Client Security үшін деректерді шифрлау Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі* Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен бірге пайдаланылады) *Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген у
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату Құпия сөз Қызмет Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны қорғайды. ЕСКЕРІМ: Құпия сөзді Computer Setup мазмұндарын қорғау үшін қолдану мүмкін емес. Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды. *Windows əкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату туралы ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз.
Құпия сөз Қызмет Зауыттық əдепкі параметрлерге орнатылған TPM (тек таңдаулы үлгілерде) Жоқ/Иə ● Егер əкімші құпиясөзі орнатылмаған болса немесе TPM Security Device (ТРМ қауіпсіздік құрылғысы) опциясы Hidden (Жасырын) параметріне орнатылған болса, бұл опция көрінбейді.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз: Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3.
BIOS əкімші құпия сөзін жою 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. 3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) > Change Password (Құпия сөзді өзгерту) тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз. 4.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін. Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал.
HP Client Security Manager пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) HP Client Security Manager бағдарламалық құралы кейбір компьютер үлгілерінде алдын-ала орнатылған. Бұл бағдарламалық құралды Windows басқару тақтасынан ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
10 Күтім Жад модулін қосу немесе ауыстыру Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз. ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
ə. Жад модулінің шетін ұстап (2), оны ұясынан ақырын тартып шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 6. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 70 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақым алуын болдырмау үшін, оны бүкпеңіз. 7. Сервистік қақпақты орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою 56-бетте бөлімін қараңыз). 8. Батареяны салыңыз (Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру 46-бетте қараңыз). 9. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз. 10.
Компьютерді тазалау Тазалау өнімдері Компьютерді қауіпсіз түрде тазалау жəне дезинфекциялау үшін келесі өнімдерді пайдаланыңыз: ● Диметил бензиль амоний хлорид ең көбі 0,3 пайыз концентрация (Мысалы: бір рет пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықтар. Бұл майлықтардың бренд атаулары əртүрлі болады.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішкі бөлшектерінен ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақтаны жəне пернетақтаны тазалау кезінде, сұйық заттардың пернелер арасына тамып кетуін болдырмаңыз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратты қорғау үшін, Windows жүйесінің сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру утилиталары көмегімен жеке файлдардың жəне қалталардың сақтық көшірмелерін жасаңыз, бүкіл қатты диск жетегінің сақтық көшірмесін жасаңыз, орнатылған оптикалық диск жетегін (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін пайдаланып жүйені жөндеу дискілерін жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына келтіру дискілерін жəне бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып отыруын жалғастыру қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді: ● Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды шешуге болады.
4. Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) пəрменін таңдап, Дополнительные параметры (Қосымша параметрлер) опциясын жəне Автоматическое восстановление (Автоматты түрде жөндеу) параметрін таңдаңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін, Анықтама жəне Support Assistant бағдарламасынан осы тақырыптарды іздеңіз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, http://www.hp.com/support торабына кіріп, елді немесе аймақты таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Сондай-ақ, қолдау көрсету орталығына қоңырау шалу арқылы DVD дискісіне тапсырыс бере аласыз. Байланыс ақпаратын алу үшін компьютермен бірге жіберілген Worldwide Telephone Numbers (Дүниежүзілік телефон нөмірлері) кітапшасын қараңыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
f11 пернесін пайдалану үшін 1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз. – немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 3. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру) параметрін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастау экранын пайдалану үшін 1.
12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics Computer Setup пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған. ЕСКЕРІМ: Computer Setup қызметінде өзгерістер жасағанда, ерекше назар аудару керек.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы тақта не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз. 2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз. Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз: ● Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер орындаңыз: Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Зауыт параметрлерін қалпына келтіргенде, құпия сөз жəне қауіпсіздік параметрлері өзгермейді. BIOS жүйесін жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған. Кейбір жүктеп алу бумаларының файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы ақпарат беретін Readme.txt деп аталатын файлдары бар.
BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютердің зақымдану немесе сəтсіз орнатылу қаупін азайту үшін, компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана BIOS жүйесі жаңартуын жүктеп алып, орнатыңыз. Компьютер батареялы қуатымен жұмыс жасағанда немесе қосымша қорек көзіне қосулы болғанда BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне орнату кезінде осы нұсқауларды орындаңыз: Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Advanced System Diagnostics пайдалану Advanced System Diagnostics (Кеңейтілген жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Advanced System Diagnostics құралында мына диагностикалық сынақтар қолжетімді: ● System Tune-Up (Жүйенің қызметін дұрыстау) — бұл қосымша сынақтар тобы компьютердегі негізгі бөліктердің дұрыс жұмыс атқарып тұрғанын тексереді.
13 Қолдау Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы ақпарат немесе HP Support Assistant сұрақтарыңызға жауап бермесе, қолдау қызметіне хабарласуға болады: АҚШ-та қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайына өтіңіз. Дүние жүзі бойынша қолдау қызметін пайдалану үшін http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html мекенжайына өтіңіз. Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады: ● HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
14 Техникалық сипаттамасы ● Тұтынылатын қуат ● Жұмыс ортасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын (оптикалық дискіге жазу кезінде) 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған) Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен
а Компьютерді сапарға алып шығу Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына кеңестерді орындаңыз: ● Компьютерді тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз. ◦ Барлық дискілерді жəне барлық сыртқы медиа карталарды, мысалы, сандық карталарды шығарып алыңыз.
құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əрбір елдің немесе аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
ə Ақаулықтарды жою Ақаулықтарды жою көздері ● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығынан табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады. ● Қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Компьютер қосылмайды Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін: ● Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін басқа электр құрылғысын қосыңыз. ЕСКЕРІМ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Компьютер əдеттен тыс қызып кетеді Пайдалану барысында компьютерге қол тигізгенде оның жылы болуы қалыпты болып табылады. Егер əдеттегіден тыс ыстық болса, желдеткіш саңылауы жабылып қалған болуы мүмкін. Егер компьютер қатты қызып кетті деп ойласаңыз, оны бөлме температурасына дейін суытып алыңыз. Компьютерді пайдалану барысында барлық желдеткіштердің ашық тұрғандығын тексеріңіз.
Сымсыз желі байланысы жұмыс істемейді Егер сымсыз желі байланысы ойдағыдай жұмыс істемесе, төмендегі қадамдарды орындаңыз: ● Сымсыз немесе сымды желі құрылын қосу немесе ажырату үшін, Windows жұмыс үстелінің тапсырма тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение (Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып тастаңыз.
б Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат бір-біріне тигізгенде пайда болатын статикалық электр тогы. Мысалы, кілем үстімен жүріп бара жатып темір есіктің тұтқасын ұстағанда пайда болатын сезім. Саусақ немесе басқа электростатикалық ток өткізгіштері арқылы электростатикалық ток соғуы электрондық бөліктерді зақымдайды.
Индекс А Айнымалы ток адаптері 11 айнымалы ток адаптері, тексеру 48 айнымалы ток адаптерін тексеру 48 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 87 Өнім кілті 87 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 8 аудио функциялар, тексеру 36 аудио функцияларды тексеру 36 аудио шығыс (құлаққап) ұясы, анықтау 8 Ə əкімші құпия сөзі 63 əуежай қауіпсіздік құрылғылары 55 Б бағдарламалық құрал антивирус 66 Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 60 желіаралық қалқан 67 маңызды жаңартулар 67 б
жұмыс ортасы 89 жылдам пернелер, медиа 35 И Интернет байланысын орнатқыш 18 К кабельдер USB 51 компьютер, сапарға шығу 46, 90 компьютерге күтім көрсету 72 компьютерді өшіру 39 компьютерді сапарға алып шығу 46, 87, 90 компьютерді тазалау 72 компьютердің параметрлерін қалпына келтіру 79 корпоративтік WLAN қосылымы 19 көрсетілетін кескін, ауыстырып көрсету 32 Күту қосу 41 шығу 41 күтім Дискіні дефрагментациялау құралы 59 Дискіні тазалау 60 кірістірілген веб-камера шамы, анықтау 13 Қ қайта іске қосу компьютер 7
порттар DisplayPort 10, 38 USB 10 Р реттеу утилитасы зауыт параметрлерін қалпына келтіру 82 шарлау жəне таңдау 81 С Сақтық көшірмесін жасау жəне қалпына келтіру 75 сандық карта қолдауы бар пішімдер 49 салу 49 шығарып алу 50 Сенсорлы тақта түймешіктер 4 сенсорлы тақта пайдалану 24 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 4 Сенсорлы тақта қимылдары айналдыру 28 жылжу 27 масштабтау 27 шымшу 27 сенсорлы тақтаның айналдыру қимылы 28 сенсорлы тақтаның жылжу қимылы 27 сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 27 сенсорлы тақтаның
DisplayPort, жалғау 38 E esc пернесі, анықтау 6 F f11 қалпына келтіру 77 Face Recognition (Бет тану) 37, 61 fn пернесі, анықтау 6, 32 G GPS 22 H HP Client Security Manager (НР клиент қауіпсіздік басқарушысы) 68 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 87 N num lock, сыртқы пернетақта 34 num lock пернесінің шамы 5 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 10 S SIM салу 21 SoftPaq файлдары, жүктеу 73 U USB 3.