User Guide - Windows 8
Ноутбукты планшетке өзгерту
1. Дисплей артқа қарап тұрғанша оны 180 градусқа сағат тілімен бағыттас бұрыңыз.
2. Дисплейді пернетақтаның үстінен еңкейтіңіз.
Планшетті ноутбукке кері өзгерту үшін əрекеттерді кері ретпен орындаңыз.
Бөлік Сипаттама
(1) Сыртқы жарық сенсоры Дисплейдің жарықтығын сыртқы жарық деңгейіне
байланысты арттырады немесе төмендетеді.
(2) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу
үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне
қабылдайды.
(3) WWAN антенналары (2)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау
мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне
қабылдайды.
(4) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады.
(5) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда.
(6) Веб-камера Бейнені
жазады жəне суретке түсіреді.
Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін, HP
Support Assistant бағдарламасын бастаңыз. HP Support
Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау
экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
(7) Windows Өзіндік беті түймешігі Бастау экранына оралады.
*Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы
аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертулерді еліңізге немесе
аймағыңызға қатысты қолданылатын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер нұсқаулығынан қараңыз.
Пайдаланушы нұсқаулығына қол жеткізу үшін Бастау экранында HP Support Assistant бағдарламасын таңдап, Мой
компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз.
Дисплей 13