User Guide - Windows 8
Жылдам пернелерді анықтау
Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе функционалдық
пернелердің біреуінің (3) тіркесімі.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
▲
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
Пернелер тіркесімі Сипаттама
fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді.
fn+f2 Настройки электропитания (Қуат параметрлері) терезесін көрсетеді.
fn+f3 Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды. Дисплей жəне жүйенің
басқа бөліктері өшеді, ал қуат қосулы қалады.
Ұйқылық күйден шығу үшін, қуат түймешігін басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ақпаратты жоғалтпау үшін, ұйқылық күйді қоспас бұрын жұмысты сақтаңыз.
fn+f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы,
монитор компьютерге қосылған болса, fn+f4 пернелер тіркесімі экран бейнесін компьютер
дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетеді.
Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне
стандарты арқылы қабылдайды. fn+f4 жылдам пернелері компьютерден бейне ақпарат
алатын басқа құрылғылардағы
бейнелерді де ауыстырып қосуы мүмкін.
fn+f5 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn + f6 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f8 Микрофон дыбысын өшіреді немесе қалпына келтіреді.
fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді.
32 Бап 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау