User Guide - Windows 8
Сервистік қақпақты орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін
1. Сервистік қақпақты дұрыстап туралай отырып, оны орнына салыңыз (1) жəне қақпақ өз
орнына түскенше оны батарея орнына қарай сырғытыңыз (2).
2. Техникалық қызмет көрсетуге арналған орынды
өзіңізге қаратып, қажет болса, шағын SD
картасының жақтауын орнына салыңыз. Блоктың ортасына кірістірілген 3 бұранданы жəне
блоктың алдынғы жағында орналасқан 2 бұранданы бұрап қатайтыңыз (3). Жиектегі 2
бұрандаға арналған резеңке қақпақтарды орнына салыңыз. Одан кейін сервистік қақпақтың
ортасында орналасқан 2 бұранданы бұрап қатайтыңыз (4).
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келсе, ол қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақталады.
3. Батареяны салыңыз (Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру 46-бетте қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискілерді пайдалану 57