User Guide - Windows 8
Компьютер қаупі Қорғау қызметі
Ақпаратты рұқсатсыз пайдалану
●
Желіаралық қалқан бағдарламасы
● Windows жаңартулары
●
HP Client Security үшін деректерді шифрлау
Computer Setup параметрлеріне жəне жүйенің басқа
идентификациялық ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup қызметіндегі BIOS əкімшісінің құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге пайдаланылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей
тұрғанда немесе жүктелмегенде
де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін,
(сенсорлы тақта не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows
жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
●
Реттеу жəне DriveLock құпия сөздері Computer Setup қызметінде орнатылады жəне BIOS
жүйесімен басқарылады.
● Қалыпты HP Client Security мүмкіндіктеріне қоса BIOS құпия сөзі арқылы қорғау
қамтамасыз ету
үшін, HP Client Security Manager (Қауіпсіздік басқарушысының) құпия сөзі
болып табылатын енгізілген қауіпсіздік құпия сөзін Computer Setup құралы арқылы іске
қосуға болады. Енгізілген қауіпсіздік құпия сөзі енгізілген қосымша қауіпсіздік чип
картасымен бірге пайдаланады.
● Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
● Computer Setup қызметінде орнатылған BIOS əкімшілік құпия сөзін ұмытсаңыз, утилитаға
кіру үшін HP SpareKey қызметін қолдануға болады.
● DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз
жəне DriveLock басты құпия сөзі Computer
Setup қызметінде орнатылған болса, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз
.
●
Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерде сақтаңыз.
●
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
62 Бап 9 Қауіпсіздік