User Guide - Windows 8

Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Бағдарламалық құралды бірінші рет орнатқаннан кейін жүйені қалпына
келтіру дискілерін жəне бастапқы сақтық көшірмені бірден жасауыңыз қажет. Жаңа бағдарлама
жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз
ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде жасалып
отыруын жалғастыру қажет. Жүйені
жөндеу медиасы (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді іске қосуға жəне жүйе тұрақсыз болған
немесе істемей қалған жағдайда амалдық жүйені жөндеуге қолданылады. Алғашқы жəне кейінгі
сақтық көшірмелеріңіз проблема туындағанда деректерді қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Бастау экранына резервная копия (сақтық көшірме) деп жазып, Параметры (Параметрлер)
пəрменін басыңыз, одан кейін Сохранить резервные
копии файлов с историей файла
(Файлдар журналы бар файлдардың сақтық көшірмелерін сақтау) пəрмендерін таңдаңыз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін қосымша сыртқы қатты диск немесе желілік дискіге сақтауға
болады.
Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің
сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы мүмкін.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) пəрменін басып, көрсетілген параметрлер тізімінен таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу медиасын жасаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде).
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау 75