User Guide - Windows 8

Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің
көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды
шешуге болады.
f11 қалпына
келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
HP Support Assistant бағдарламасын ашыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол
жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Автоматты түрде жөндеу көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Кейбір автоматты түрде жөндеу опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген
бағдарламалық құрал біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру
процесі қалпына келтіру сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің жəне Windows бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз.
Бастау экранында п əрпін жазып, Проводник (Жетектеуші) пəрменін таңдаңыз.
немесе
Бастау экранында к əрпін жазып, одан кейін Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері тізімде болмаса, амалдық
жүйені жəне бағдарламаларды Windows 8 амалдық жүйесінің медиа құралы жəне
«Драйверді қалпына келтіру» дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады) қалпына
келтіру керек. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек
сатылады) пайдалану 78-бетте бөлімін қараңыз.
3. Егер Windows жəне HP қалпына келтіру бөлімдері тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта
бастаңыз. Windows жүйесі жүктелгеннен кейін Перезапуск (Қайта бастау) түймесін
басқанда shift пернесін басып тұрыңыз.
76 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру