User Guide - Windows 8

4. Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) пəрменін таңдап, Дополнительные
параметры (Қосымша параметрлер) опциясын жəне Автоматическое восстановление
(Автоматты түрде жөндеу) параметрін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Анықтама жəне Support Assistant бағдарламасынан осы тақырыптарды іздеңіз. HP Support
Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін
таңдаңыз.
f11 қалпына келтіру құралдарын пайдалану
ЕСКЕРТУ: f11 пернесін пайдалану қатты дисктегі мазмұнды толығымен жойып, оны қайта
пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген
бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. f11 қалпына келтіру құралы зауытта
орнатылған амалдық жүйені жəне НР бағдарламалары мен драйверлерін қайта орнатады.
Зауытта орнатылмаған бағдарламалық құралдарды қайта орнату керек болады.
Түпнұсқалық қатты диск кескінін f11 көмегімен қалпына келтіру үшін:
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, HP Recovery бөлімінің бар-жоғын тексеріңіз: Бастау экранында К əрпін
жазып, одан кейін Компьютер пəрменін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery бөлімі тізімде болмаса, амалдық жүйе мен бағдарламаларды
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін мен «Драйверді қалпына келтіру» дискісін (екеуі де
бөлек сатылады) пайдаланып қалпына келтіру керек болады. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 78-бетте бөлімін
қараңыз.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз жəне
экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 77