User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы
тақта не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін қолданыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit
(Өзгертулерді елемеу жəне шығу
) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit
(Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер
нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Computer Setup қызметінде зауыт параметрлерін қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup қызметіндегі барлық параметрлерді зауытта орнатылған мəнге қайтару үшін,
төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Restore Defaults
(
Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтау жəне шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышындағы Save
(Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан
кейін көрінеді.
82 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics