Сенсорлы мониторлы HP EliteDisplay S230tm Пайдаланушы нұсқаулығы
© 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Microsoft жəне Windows - Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. HP өнімдері мен қызметтеріне арналған жалғыз кепілдік – осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге берілетін тікелей кепілдіктер. Осы құжаттағы басқа еш нəрсе кепілдік деп қаралмайды. HP компаниясы осы жерде кездескен техникалық немесе өңдеу қателері не жетіспеушіліктері үшін жауапты болмайды.
Осы нұсқаулық туралы Бұл нұсқаулықта мониторды орнату, сенсорлық экранды қолдану жəне техникалық сипаттамалар туралы ақпарат берілген. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың дене жарақатына немесе өлімге себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРТУ: Осылай жіберілген мəтін нұсқауларды орындамаудың құрылғы зақымдануына немесе ақпараттың жоғалуына себеп болатынын көрсетеді. ЕСКЕРІМ: Осылай жіберілген мəтін маңызды қосымша ақпарат береді.
iv Осы нұсқаулық туралы
Maзмұны 1 Өнім мүмкіндіктері ........................................................................................................................................ 1 HP сенсорлы мониторы ..................................................................................................................... 1 2 Мониторды орнату жəне қолдану .............................................................................................................. 2 Артқы бөлшектері .........................................
Қосымша а Техникалық сипаттар ............................................................................................................... 20 HP S230tm ......................................................................................................................................... 20 Алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығын тану ........................................................... 20 HP S230tm .............................................................................................
1 Өнім мүмкіндіктері HP сенсорлы мониторы СКД (сұйық кристалды) мониторда белсенді матрица жəне көру бұрышы кең панель болады.
2 Мониторды орнату жəне қолдану Мониторды орнату үшін монитордың, компьютер жүйесінің жəне басқа да қосылған құрылғылардың қуаттан ажыратылғанына көз жеткізіп, төмендегі нұсқауларды орындаңыз. Артқы бөлшектері Құрамдас бөлшегі Сипаттама 1 Тұрақты ток қуатына қосқыш АТ қуат кабелін мониторға қосады. 2 DisplayPort қосқышы DisplayPort кабелін мониторға қосады. 3 DVI-D қосқышы DVI-D кабелін мониторға қосады. 4 Аудио кіріс қосқышы Негізгі компьютерден келетін аудио кабельді мониторға жалғайды.
2. Кабель қабының астын жоғары айналдырып (1), қабының жоғарғы жағынан сырғытып (2) шешіп алыңыз. 3. Конфигурациясына байланысты, DVI немесе DisplayPort видео кабельдерімен компьютер мен мониторды жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Бейне режимін пайдаланылатын бейне кабелі анықтайды. Монитор қай кірістердің жарамды бейне сигналдары бар екенін автоматты түрде анықтайды. Кірістерді бүйірлік тақтадағы Кіріс түймесін немесе экрандағы дисплей (OSD) арқылы Мəзір түймесін басып таңдауға болады.
● 4. DVI сандық əрекеті үшін, DVI-D сигнал кабелінің бір соңын монитордың артқы жағындағы DVI коннекторына жəне екінші соңын компьютердегі DVI коннекторына қосыңыз (кабель берілген). Берілген USB кабелінің бір ұшын компьютердің артқы панеліндегі USB ұясына, ал екінші ұшын монитордағы USB ұясына жалғаңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер мен монитор арасындағы USB кабелі сенсорлық функция үшін жалғанады.
5. Аудио кабелінің бір ұшын монитордың артқы жағындағы аудио қосқышына жəне екінші ұшын негізгі құрылғының аудио шығысына жалғаңыз. 6. Қуат сымының домалақ жағын монитордың артындағы қуат көзінің қосқышына (1) жалғаңыз. Қуат сымының бір ұшын қуат блогына (2), ал екінші ұшын ток көзіне (3) жалғаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін: Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
6 7. Монитордың артындағы кабель қабын қайта кигізу үшін, оның бас жағындағы тартқышынан кабель қосқышының кетігінің үстіндегі саңылауға сырғытып (1), қаптың төменгі жағын сырт еткізіп (2) монитордың артына мықтап бекітіңіз. 8. Мониторды тігінен қойып, тұғырын тартып алыңыз.
Монитордың орналасуын реттеу Монитордың еңкею деңгейін реттеңіз. Мониторды шалқайту үшін, оны жоғарғы жағынан екі қолыңызбен мықтап ұстап, мониторды жоғары жəне алға бұрыңыз. Мониторды еңкейту үшін, оны жоғарғы жағынан екі қолыңызбен мықтап ұстап, мониторды артқа жəне төмен бұрыңыз. Мониторды еңкейту немесе шалқайту аумағы 15-70 градус. Алдыңғы жəне бүйірлік бөлшектері Құрамдас бөлшегі Сипаттама 1 Қос микрофон Монитор жақтауының жоғарғы жағына орнатылған.
Құрамдас бөлшегі Сипаттама 5 Экрандық мəзір қосулы болса, басып экрандық мəзір арқылы алға өтіңіз де, реттеу деңгейлерін арттырыңыз. Плюс/кіріс түймесі Экрандық мəзір қосылмаған болса, бейне сигнал кірісін таңдайтын кіріс түймесін басыңыз (DVI немесе DisplayPort). 6 Минус/дыбыс түймесі Экрандық мəзір қосылған болса, экрандық мəзір арқылы артқа өтіп, реттеу деңгейлерін азайту үшін басыңыз. Экрандық мəзір қосылмаған болса, дыбыс деңгейін реттеу мəзірін қосу үшін басыңыз.
Монитор қосылғанда, монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай кірістің (DVI немесе DisplayPort) ағымдағы уақытта қосылған сигнал немесе автоқосқыштың бастапқы параметрі (Қосу немесе Өшіру; зауыттың əдепкі мəні қосылған), əдепкі сигнал (зауыттың əдепкі мəні - DisplayPort), ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы жəне ұсынылған алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы екенін көрсетеді.
Бір саусақты сырғыту Бір саусақты сырғыту қимылы шолу немесе тізімдер мен беттерді жылжыту үшін қолданылады, бірақ оны нысанды жылжыту сияқты басқа да əрекеттерді орындау үшін де пайдалана аласыз. ● Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды экранның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. ● Нысанды жылжыту мақсатымен сүйреу үшін, оны мықтап ұстап, қажетті жерге жылжытыңыз. Түрту Экранда элементті таңдау үшін түрту мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Қысу/керу Қысу жəне ұлғайту əрекеттері суреттерді немесе мəтінді ұлғайтуға немесе кішірейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін, екі саусақты дисплейге бірге қойып, олардың арасын алшақтатыңыз. ● Ұлғайту үшін, екі саусақты дисплейге алшақтата қойып, олардың арасын жақындатыңыз. Айналдыру Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. Сол жақ сұқ саусағыңызды айналдырғыңыз келген нысанға қойыңыз. Оң қолыңызбен шеңбер жасай отырып, сағат 12-ден 3-ке сырғытыңыз.
12 ● Бастау экранын ашу үшін, оң жақ жиегінен қолыңызбен жүргізіп, шебер түймелерді ашыңыз, одан кейін Start (Бастау) пəрменін басыңыз. ● Компьютері жабу үшін оң жақ жиегінен қолыңызбен жүргізіп, шебер түймелер жолағын ашыңыз, Settings (Парамтерлер) шебер түймесін түртіңіз, одан кейін Power (Қуат) пəрменін түртіңіз.
Сол жақ сырғыту Сол жақ шетінен сырғыту жылдам ауысу үшін ашылған қолданбалы бағдарламаларға көрсетеді. Қолданбалар арасында ауысу үшін саусағыңызды дисплей жақтауының сол жақ жиегінен ішіне қарай жайлап сырғытыңыз. Ашық болған барлық бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды экраннан көтермей оны сол жақ жиекке қарай қайта сырғытыңыз. Үстіңгі жəне төменгі жиектерден жылжыту Үстіңгі жиектен жылжыту немесе төменгі жиектен жылжыту қимылы компьютерде қолжетімді қолданбалар тізімін ашуға мүмкіндік береді.
Монитор тұғырын алу Мониторды тіреуіштен алып, қабырғаға, бұралмалы ілгішке немесе басқа орнату құрылғысына орнатуға болады. ЕСКЕРТУ: Мониторды бөлшектемей тұрып, монитордың өшірілгендігіне, қуат жəне сигналдық кабельдерінің екеуі де ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар мониторға жалғанған барлық USB жəне аудио кабельдерін ажыратыңыз. 1. Сигналдық, қуат, USB жəне аудио кабельдерін монитордан ажыратып алып тастаңыз. 2.
2. Мониторды бұралмалы ілгішке бекіту үшін 10 мм төрт бұранданы бұралмалы ілгіш тақтасындағы тесіктер арқылы монитордың орнату тесіктеріне салыңыз. Мониторды басқа орнату құрылғысына бекіту үшін жəне мониторды мықтап бекіткеніңізге көз жеткізу үшін орнату құрылғыларымен берілген нұсқауларды орындаңыз. 3. Кабельдерді монитор тақтасына қайта қосыңыз.
Нөмірлер жапсырмасын табу Монитордағы паспорттық тақта қосалқы бөлшектің нөмірін, өнім нөмірін жəне сериялық нөмірді көрсетеді. Бұл нөмірлер мониторыңыздың моделі туралы HP компаниясына хабарласқанда қажет болуы мүмкін. Нөмірлер жапсырмасы монитордың артқы панелінде, кабель жапқышының артында орналасады. Кабель құлпын орнату Мониторды орнатылған нəрсеге HP компаниясынан қол жетімді қосымша кабель қыстырғышымен бекітіңіз.
3 Вебкамераны пайдалану Монитормен бірге берілетін ықшам дискіден CyberLink YouCam бағдарламалық құралын жəне драйверін орнатыңыз. ЕСКЕРІМ: Монитор мен компьютер арасындағы USB байланыс веб камераның жұмыс істеуі үшін қажет. Веб камераны мына əрекеттер үшін пайдаланыңыз: ● Компьютердегі файлдардан бейнелер жасаңыз. ● Көретін суреттер жасаңыз, дұрыстаңыз, өңдеңіз, жіберіңіз жəне басып шығарыңыз. ● Жетілдірілген күнтізбе жəне оны ортақ пайдалану үшін бейне жазбалар жасаңыз.
Алдымен бейне чатты орнатуыңызға болады: 18 1. Интернеттік хабар алмасу бағдарламасын немесе бейне қоңырау соғу бағдарламасын жүктеңіз. Қоңырау соққан адамда үйлесімді бейне қоңырау бағдарламасының бар екенін тексеріңіз. 2. Веб камераны əдепкі бейне кірісі ретінде іске қосыңыз. Бұл сіз пайдаланып жатқан бағдарламаның Құралдар мəзірінде бейне орнату арқылы жасалады. 3. Бейне қоңырауды бейне қоңырау бағдарламасының нұсқауларын орындай отырып соғыңыз.
4 Толығырақ ақпарат іздеу Анықтамалық нұсқаулықтар Төмендегілер туралы қосымша ақпарат алу үшін монитормен берілген ықшам дискідегі HP СКД мониторлары туралы анықтамалық нұсқаулық бөлімін қараңыз: ● Монитор өнімділігін оңтайландыру ● Қауіпсіздік жəне техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар ● Ықшам дискісінен бағдарламалық құралды орнату ● Экрандық мəзірді пайдалану ● Бағдарламалық құралды Веб-сайттан жүктеу ● Агенттік тəртібі туралы ақпарат ● Жиі орын алатын ақаулықтарды шешу нұсқаулары Ө
а Техникалық сипаттар ЕСКЕРІМ: Барлық техникалық сипаттамалар HP компонент өндірушілері берген əдеттегі техникалық сипаттамалар болып табылады; нақты өнімділік жоғарырақ немесе төменірек болуы мүмкін.
HP S230tm Кесте а-1 Зауытта алдын ала орнатылған режимдер Алдын ала орнат ылған Нүктелер пішімі Көлденең жиілік (кГц) Тік жиілік (Гц) 1 640 × 480 31,469 59,940 2 720 × 400 31,469 70,087 3 800 × 600 37,879 60,317 4 1024 × 768 48,363 60,004 5 1280 x 720 45,00 60,00 6 1280 x 1024 63,981 60,02 7 1440 x 900 55,935 59,887 8 1600 x 900 60,00 60,00 9 1680 x 1050 65,29 59,954 10 1920 x 1080 67,50 60,00 Кесте а-2 Жоғары айқындықты бейне пішімдер Алдын ала орнат ылған Уақыт
таниды. Зауытта алдын ала орнатылған режимдермен қоса, осы жерде енгізіліп, сақталатын кемінде 10 пайдаланушы режимі бар. Қуатты үнемдеу мүмкіндігі Мониторлар қуатты үнемдейтін күйге қолдау көрсетеді. Монитор көлденеңінен синхрондау сигналының жəне/немесе тігінен синхрондау сигналының жоқ екендігін анықтаса, қуатты үнемдейтін күйге өтеді. Осы сигналдардың жоғын анықтаудан бұрын монитор экраны бос болып, артқы жарық өшіріледі жəне қуат жарығы сары болады.