HP EliteDisplay LCD monitors with backlight User's Guide

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Комодтарда, кітап сөрелерінде, сөрелерде, үстелдерде, динамиктерде,
жәшіктерде немесе арбашаларда дұрыс емес орнатылған сұйық кристалдық мониторлар құлап,
жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
СКД мониторға қосатын барлық сымдарды және кабельдерді өткізгенде оларды қыспау, баспау
немесе оларға шалынбау үшін аса сақ болу керек.
Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың жалпы номиналды тогы розетканың номиналды
тогынан
аспауы керек және қуат сымына қосылған құрылғылардың жалпы номиналды тогы қуат
сымының номиналды көрсеткішінен аспауы керек. Әрбір құрылғының номиналды тогын (ампер
немесе А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.
Мониторды оңай қол жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз. Мониторды ашаны берік
ұстап, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып ажыратпаңыз.
Мониторды түсіріп алмаңыз
немесе тұрақсыз бетке қоймаңыз.
Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл өнім ойын-сауық мақсаттарында қолдануға арналған. Айналасындағы жарық пен
жарқын беттердің әсерінен экраннан көзге жағымсыз шағылысу болмауы үшін дисплейді жарығы
реттелетін жерге қойған дұрыс.
42-тарау Қауіпсіздік және техникалық қызмет көрсету туралы нұсқаулар