HP EliteDisplay LCD monitors with backlight User's Guide

Монитордың орамын алу
1. Мониторды қорабынан алып, бетін төмен қаратып жазық жерге қойыңыз.
2. Монитордың тіреуішін бір қолыңызбен ұстаңыз (1) да, тіреуіштің бас жағын екінші қолыңызбен
қысып ұстап, дисплейді 90 градусқа бұрыңыз (2).
ЕСКЕРТУ: СКД тақтасының бетін ұстамаңыз. Панельге қысым түссе, түстің біркелкілігі немесе сұйық
кристалдардың бағыты бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда экранның қалыпты күйі қалпына
келмейді.
ЕСКЕРТПЕ: Монитор бірінші рет алынған кезде дисплейдің биіктігі реттелмейтіндей етіп
құлыпталады. Дисплейдің биіктігін реттеу үшін дисплейді басып құлыптан шығарып оны жоғары
көтеріп биіктігін реттеңіз. Қосымша ақпарат алу үшін
Мониторды реттеу (14-бет) ішіндегі 3-қадамды
қараңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Монитордың артындағы тұтқасы дисплейдің биіктігін барынша көтеруге арналған.
Дисплейді төмендету үшін тұтқаны ұстамаңыз. Олай жасау нәтижесінде саусағыңызды дисплей мен
тұғырдың арасына қысып алуыңыз мүмкін. Мониторды төмен түсіру үшін дисплейді жоғарғы жағынан
басыңыз.
Монитордың орамын алу 7