HP EliteDisplay LCD monitors with backlight User's Guide
4. Берілген аудио кабелінің бір ұшын компьютердің артқы панеліндегі USB хаб коннекторына, ал
екінші ұшын монитордағы кіріс USB коннекторына жалғаңыз.
5. Қуат сымының бір соңын монитордың артқы жағындағы айнымалы ток қуат коннекторына және
екінші соңын қабырғадағы электр розеткасына қосыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қаупін азайту үшін:
Тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - өте маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Қуат сымының ашасын барлық уақытта оңай қол жетімді жерге қосылған электр розеткасына
қосыңыз.
Жабдықтың қуатын қуат сымының ашасын электр розеткасынан суыру арқылы өшіріңіз.
Қауіпсіздікті сақтау үшін қуат сымдарының немесе кабельдерінің үстіне
ештеңе қоймаңыз.
Оларды ешкім кездейсоқ баспайтындай немесе оларға сүрінбейтіндей етіп орналастырыңыз.
Сымнан немесе кабельден ұстап тартпаңыз. Электр розеткасынан ажыратқанда сымды ашасынан
ұстаңыз.
Кабельдерді қосу 11










