HP EliteDisplay LCD monitors with backlight User's Guide
Мониторды қосу
1. Компьютерді қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Алдыңғы жағындағы қуат түймесін басып мониторды қосыңыз.
ЕСКЕРТУ: Мониторлардағы пикселдердің күйіп кетуі экранда ұзақ уақыт бойы бір статикалық
кескінді көрсетудің нәтижесінде орын алуы мүмкін.*Монитор экранында мұндай зақымдалуды
болдырмау үшін экран сақтағышын қосу керек немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, мониторды
өшіру керек. Қалдық кескін барлық СКД экрандарда орын алуы мүмкін жағдай. HP кепілдігі «қалдық
кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
* Бейненің 12 сағат 
қатар қозғалыссыз болуы ұзақ уақыт кезеңі болып табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесін басқанда ештеңе болмаса, қуат түймесін құлыптау мүмкіндігі қосылған
болуы мүмкін. Осы мүмкіндікті өшіру үшін монитордың қуат түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Экрандық мәзірдегі қуаттың жарық диодын өшіруге болады. Монитор алдындағы Мәзір
түймесін басып, Басқару > Алдыңғы тақта қуатының жарық диоды > Өшіру параметрлерін
таңдаңыз.
Монитор қосылғанда, Монитор күйі туралы хабар бес секунд көрсетіледі. Хабар қай кірістің
(DisplayPort, DVI немесе VGA) ағымдағы уақытта қосылған сигнал немесе автоқосқыштың бастапқы
параметрі (Қосу немесе Өшіру; зауыттың әдепкі мәні қосылған), әдепкі сигнал (зауыттың әдепкі мәні -
DisplayPort), ағымдағы алдын ала орнатылған дисплей ажыратымдылығы және ұсынылған алдын ала
орнатылған дисплей ажыратымдылығы екенін көрсетеді.
Монитор автоматты түрде 
сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады және көрсету
үшін сол кірісті пайдаланады. Егер екі кіріс қосылған болса, монитор әдепкі кіріс көзін көрсетеді.
Әдепкі бойынша орнатылған негіз қосылған кірістердің бірі болмаса, монитор ең жоғарғы бағалаудың
артықшылық кірісін келесі ретпен көрсетеді: DisplayPort, DVI және VGA Экран мәзіріндегі әдепкі кіріс
көзін өзгерту үшін, алдыңғы панельдегі Menu (
Мәзір) түймесін басып, Input Control (Кіріс көзін басқару)
> Default Input (Әдепкі кіріс көзі) тармақтарын таңдаңыз.
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
IPS мониторлы үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын
қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS мониторларын
Мониторды қосу 17










