HP EliteDisplay LCD monitors with backlight User's Guide

түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды, Бұл панель
технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран
қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай
бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары және экранда
ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Статикалық бейнелер экранда дақ немесе су дақтары
сияқты көрінетін бейне қалдықтарының
пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Мониторды 24 сағат қолдану нәтижесінде пайда болатын бейне ақаулықтары HP кепілдемесінде
аталмаған. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін қолданыстан тыс кезде мониторды өшіріп қойыңыз
немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат басқару параметрін қолданыстан тыс кезде
мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.
USB құрылғыларын жалғау
USB коннекторлары сандық камера, USB пернетақта немесе USB тінтуір сияқты құрылғыларды қосу
үішін пайдаланылады. Екі USB коннектор монитордың бүйірлік панелінде орналасқан.
ЕСКЕРТПЕ: Монитордағы USB 2.0 порттарын іске қосу үшін монитордан USB хаб кабелін компьютерге
жалғауыңыз керек.
Кабельдерді қосу (8-бет) ішіндегі 4-қадамды қараңыз.
18 3-тарау Мониторды орнату