User's Guide

5
Ақауларды жою
Егер сізде монитор немесе принтер сияқты кез келген перифериялық жабдықтарды
компьютермен қолдану проблемалары болса, ақаулықтарды жою туралы егжей-тегжейлі
мəліметтерді өнім жасаушысы берген құжаттамадан көріңіз. Келесі кестелер орнату, іске қосу
немесе компьютерді пайдалану кезінде орын алатын ақауларды жəне олардың шешімдерін
к
өрсетеді.
Ол туралы толығырақ ақпарат немесе ақаулықтарды жөндеу туралы қосымша кеңестерді көру
үшін
http://www.hp.com/go/contactHP веб-сайтына барып, компьютеріңіздің үлгісін іздеңіз.
Компьютер қосылмайды
Белгі Мүмкін болатын шешім
Қателік хабары:
қатты дискі қателігі
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
а. ctrl+alt+delete пернелерін басыңыз.
ə. Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан қосу таңбасын басып, одан кейін қайта бастау
пəрменін басыңыз.
немесе
Компьютерді ө
шіру үшін компьютердегі қуат түймесін 5 немесе одан артық секунд басып тұрыңыз
жəне компьютерді қайта іске қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. Windows операциялық жүйесі ашылса, барлық маңызды деректердің сақтық көшірмесін қатты дискіге
жазып алыңыз.
3
. Қолдау орталығына хабарсаыңыз (Windows жүйесі қосылса да, қосылмаса да).
Компьютер
қосылмайды
немесе іске
қосылмайды.
Компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғанып тұрған кабельдің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Компьютердің қуат жабдықтаудың жасыл шамы жанып тұруы тиіс; Олай болмаса, басқа
айнымалы ток
розеткасын пайдаланып көріңіз. Егер əлі де проблема болса, қолдау қызметімен хабарласыңыз.
Дисплейде (монитор) еш нəрсе көрсетілмесе, монитор дұрыс жалғанбауы мүмкін. Мониторды компьютерге
қосып, қуат сымын айнымалы ток көзіне жалғаңыз, одан кейін мониторды қосыңыз.
Дисплей
(монитор) (10-бет) бөлімін қараңыз.
Айнымалы ток розеткасын басқа электр құрылғыларын қосу арқылы тексеріңіз.
Компьютер қосылмайды
9