User's Guide
6
Жүйені қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтіру қатты дискіні толығымен өшіріп, қатты дискіні қайта форматтайды. Бұл
кезде жасалған барлық дерек файлдары жойылады, содан кейін операциялық жүйе,
бағдарламалар мен драйверлер қайта орнатылады. Сондықтан, компьютер зауыттан шыққанан
кейін орнатылған барлық бағдарламаларды қайта орнату
керек.
ЕСКЕРТПЕ: Жүйені қалпына келтіру бағдарламасын пайдалану алдында əрқашан жүйені
қалпына келтіру процедурасын орындаңыз. “Microsoft жүйесін қалпына келтіру” тарауын
Бағдарлама ақаулықтарын жөндеу (14-бет) бөлімінен қараңыз.
Microsoft Windows жүйесінің нұсқасы орнатылмаған күйде жеткізілген жүйелерде кейбір
мүмкіндіктер қол жетімді болмауы мүмкін.
Жүйені қалпына келтіру əдісін таңдау
Жүйені қалпына келтіруді орындау үшін келесі əдістердің бірін таңдауға болады:
●
Қалпына келтіру кескіні – қатты дискіде сақталған қалпына келтіру кескінінен Жүйені
қалпына келтіру бағдарламасын іске қосыңыз. Қалпына келтіру кескіні – бұл өндіруші
компьютерге орнатқан бастапқы бағдарламаларды
ң көшірмесі бар файл. Жүйені қалпына
келтіру кескіні арқылы қалпына келтіру үшін,
Windows «Бастау» мəзірінен жүйені қалпына
келтіру (16-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру кескіні қатты дискінің деректерді сақтау үшін пайдалануға
болмайтын бөлігін пайдаланады.
●
Қалпына келтіру медиасы – жүйені қалпына келтіруді қатты дискіде сақталған файлдардан
жасаған қалпына келтіру дискілерінен немесе бөлек сатып алған дискілерден іске
қосыңыз. Қалпына келтіру ақпарат тасушыларын жасау үшін
Қалпына келтіру медиасын
жасау (19-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндіктері
Жүйені төмендегі тəртіппен қалпына келтіру керек:
1. Қатты дискіден, Windows бастау экранынан.
2. Қатты дискі арқылы f11 пернесін басу жүйені іске қосады.
3. Жасалған қалпына келтіру ақпарат тасушыларының көмегімен.
4. HP компаниясынан сатып алған қалпына келтіру дискілерінің көмегімен.
Қалпына келтіру
дискілерін сатып алу үшін
http://www.hp.com/go/contactHP веб-сайтына кіріңіз.
Windows «Бастау» мəзірінен жүйені қалпына келтіру
ЕСКЕРТУ: Жүйені қалпына келтіру жасалған немесе орнатылған барлық деректерді жəне
бағдарламаларды жояды. Алынбалы дискіге немесе USB флэш жадына барлық маңызды
деректердің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Егер компьютер жұмыс істеп тұрып, Windows жүйесі пəрмендерге жауап берсе, жүйені мына
қадамдарды орындап қалпына келтіріңіз.
16
6-тарау Жүйені қалпына келтіру










