User's Guide
●
Қалпына келтіру дискілер жинағындағы дискілердің саны компьютеріңіздің үлгісіне
байланысты (əдетте 3-6 DVD дискілері). Қалпына келтіру дискісін жасау бағдарламасы
жиынды жасау үшін қажет бос дискілердің нақты санын айтады.
●
Жоғары сапалы бос USB флэш жадын пайдаланып, қалпына келтіру USB флэш жадын
жасауды таңдауғ
а болады. Егер USB флэш жадын пайдаланып жатсаңыз, бағдарлама
барлық деректерді сақтау үшін қажет дискі өлшемін айтады (ең кемі 8 ГБ).
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру ақпарат тасушыларын жасау процесі тасушыда ақпараттың
жазылғандығын тексеру үшін бірнеше уақыт алады. Процестен кез келген уақытта шыға аласыз.
Бағдарламаны келесі рет іске қосқанда, ол қалдырылған жерден жалғасады.
Қалпына келтіру медиасын жасау
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. Бастау экранында восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан кейін
бағдарламалар тізімінен HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса,
бағдарламаға жалғастыруға рұқ
сат ету үшін Да (иə)түймесін басыңыз.
3. Recovery Media Creation (Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау), Create recovery
media using blank DVD(s) (Бос DVD дискі(тер)н пайдаланып қалпына келтіру ақпарат
тасушысын жасау), сосын Келесі опциясын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жасағанда əр
дискіге белгі қойыңыз (мысалы, 1-
қалпына келтіру, 2-қалпына келтіру).
Қалпына келтіру USB флэш жадын жасау үшін:
1. Ашық тұрған барлық бағдарламаны жабыңыз.
2. USB флэш жадын компьютердің USB портына қосыңыз.
3. Бастау экранында восстановить (қалпына келтіру) сөзін жазыңыз, одан
кейін
бағдарламалар тізімінен HP қалпына келтіру менеджері тармағын таңдаңыз. Сұралса,
бағдарламаға жалғастыруға рұқсат ету үшін Да (иə) түймесін басыңыз.
4. Recovery Media Creation (Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау), Create recovery
media with a USB flash drive (USB флэш дискісін пайдаланып қалпына келтіру ақпарат
тасушысын
жасау), сосын Келесі опциясын таңдаңыз.
5. Ақпарат тасушылар тізімінде USB флэш жадын таңдаңыз. Бағдарлама сізге қалпына
келтіру дискісін жасау үшін қажет бос орынды айтады. Егер USB флэш жадында жеткілікті
бос орын болмаса (кемінде 8 ГБ), ол экранда сұр болып көрінеді жəне жал
ғастыру мүмкін
болмайды. Далее түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау флэш жадын пішімдеп, ондағы
бүкіл файлдарды жояды.
6. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. USB флэш жадына белгі қойып, қауіпсіз жерде
сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру ақпарат тасушысын жасау үшін мультимедиа карталарын
пайдаланбаңыз. Жүйе медиа картасынан іске қосылмауы жəне жүйені қалпына келтіруді
іске қоса алмауыңыз мүмкін.
Қалпына келтіру ақпарат тасушылары
19










