User's Guide
8 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP
ДК құралын диагностикалау)
қызметін пайдалану
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі
(UEFI). Бұл құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау
үшін диагностикалық тексеру мүмкіндігін береді. Диагностикалау процесі амалдық жүйеден
тыс жұмыс істейді, осылайша ол амалдық жүйе немесе басқа
бағдарламалық құрамдастар
себеп болған ақаулықтарды тиімді түрде жояды.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the
ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басың
ыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін
басыңыз.
BIOS бағдарламасы диагностикалау құралдарын үш жерден төмендегі тəртіппен іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу
туралы ақпаратты
USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК құралын
диагностикалау) мүмкіндігін жүктеу (23-бет) бөлімінен қараңыз.
ə. Қатты диск
б. Базалық кіріс-шығыс жүйесі
2. Диагностикалау құралы ашылған кезде, іске қосқыңыз келген диагностикалық сынақтың
түрін таңдау үшін пернетақтадағы көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, сосын экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК
құралын диагностикалау) мүмкіндігін жүктеу
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) (HP ДК құралын диагностикалау) құралын
жүктеп алу туралы нұсқаулар тек ағылшын тілінде беріледі.
1. http://www.hp.com веб-торабына өтіңіз.
2. Беттің үстіңгі жағында орналасқан Поддержка (Қолдау) белгішесін көрсетіп, Загрузка
драйверов (Драйверлерді жүктеп алу) түймесін басыңыз.
3. Мəтін жолына өнім атауын енгізіп, Go (Өту) түймесін басыңыз.
– немесе –
USB құрылғысына HP PC Hardware Diagnostics (HP ДК
құралын диагностикалау) мүмкіндігін
жүктеу
23










