Алғашқы жұмыс HP ноутбугі
© Copyright 2013 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу ................................................................................................................................... 2 2 Компьютермен танысу ................................................................................................................................. 4 Жоғарыдан қарағандағы көрінісі .....
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу ............................................................... 23 Шарлау ............................................................................................................. 24 Таңдау .............................................................................................................. 24 Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану ...................................................... 24 Жылжу .......................................................................
8 Техникалық сипаттамасы .......................................................................................................................... 47 Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................ 47 Жұмыс ортасы .................................................................................................................................. 47 Индекс ..............................................................
viii
1 Қош келдіңіз Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау маңызды: ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі байланысын орнату 17-бетте бөлімінен қараңыз. ● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылады да, тегін жаңартуларға жазылу шектеулі болады.
Ақпаратты табу Түрлі тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірнеше құрал компьютерде орнатылып келеді.
Құралдар Берілетін ақпарат HP веб-торабы ● Қолдау қызметі туралы ақпарат АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/ contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/ wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2 Компьютермен танысу Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік 4 Сипаттама (1) Сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақтаны қосады жəне сөндіреді. (2) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (3) Сенсорлы тақтаның сол жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды. (4) Сенсорлы тақтаның оң жақ түймешігі Функциялар сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігінің функцияларына ұқсайды.
Шамдар ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтап тұр: компьютер ұйқы күйінде. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. (2) Микрофон дыбысын өшіру шамы Сары: Микрофон өшірулі. (3) Num lock пернесінің шамы Қосулы: Num lock қосулы.
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін. Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
Бөлік (2) Сипаттама Үндеткіштер (2) SRS Premium дыбысын шығару (тек таңдаулы үлгілерде) ЕСКЕРІМ: SRS Premium Sound бағдарламалық құралын пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > SRS Premium Sound тармақтарын таңдаңыз. (3) Беспроводная сеть (Сымсыз байланыс) түймешігі Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосып-өшіреді, бірақ сымсыз байланыс орнатпайды. (4) Дыбысты өшіру түймешігі Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
Пернелер ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық пернемен, num lk, esc пернесімен немесе басқа пернелермен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпаратты Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 20-бетте бөлімінен қараңыз. (3) Windows пернесі Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді.
Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Функционалдық пернемен, num lk, esc пернесімен немесе басқа пернелермен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Қосымша ақпаратты Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 20-бетте бөлімінен қараңыз. (3) Windows пернесі Windows Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді.
Алдыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Қатты диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard көмегімен қатты диск уақытша қауіпсіз позицияға орнатылды. ЕСКЕРІМ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. (2) 10 Медиа картаны оқу құрылғысы Бап 2 Компьютермен танысу Ақпаратты Secure Digital (SD) сияқты сандық жад картасынан оқиды жəне картаға жазады.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Аудио шығыс (гарнитура) ұясы Қосымша токқа қосылатын стерео үндеткіштерге, құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға, гарнитураға немесе теледидар дыбысы ұясына қосылған кезде дыбыс шығарады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулерінен қараңыз.
Сол жағы Бөлік Сипаттама (1) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (2) Айнымалы ток адаптері/Батарея шамы ● Сары: Компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 0 - 89%-ға дейін зарядталған. ● Ақ: компьютер сыртқы қуат көзіне қосылған жəне батарея 90 - 99%-ға дейін зарядталған. ● Сары түсте жыпылықтау: Жалғыз қуат көзі болып табылатын батарея төмен заряд деңгейіне жетті, Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды.
Дисплей ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желілермен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (тек таңдаулы үлгілерде) Дыбыс жазады.
Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (тек таңдаулы үлгілерде) Дыбыс жазады. (4) Веб-камера шамы (тек таңдаулы үлгілерде) Қосулы: веб-камера қолданыста.
Астыңғы жағы Бөлік (1) (2) Сипаттама Батареяға жəне қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмалары Батарея орны ● Батарея босату ысырмаларын бір рет жылжыту арқылы ұясынан шығарылады. ● Батарея ұясынан шығарылғаннан кейін, қызмет көрсетуге арналған есік босату ысырмаларын екінші рет жылжыту арқылы ашылады. Батареяны ұстап тұрады.
Бөлік (3) Сипаттама Қызмет көрсетуге арналған есік Қатты диск, сымсыз LAN (WLAN), WWAN жəне жад модульдерінің ұяларына кіруге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
3 Желі байланысын орнату ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады. Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін: ● Сымсыз — Интернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз. Қосымша ақпарат алу үшін Бар WLAN желісіне қосылу 18-бетте немесе Жаңа WLAN желісін орнату 18-бетте бөлімін қараңыз.
жəне Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығы) тармақтарын таңдаңыз. ЕСКЕРІМ: Шебер Windows желіаралық қалқанын қосу немесе ажыратуды таңдауыңызды сұраса, желіаралық қалқанды қосу пəрменін таңдаңыз. Сымсыз желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз. Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген. Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды компьютерлерді қосуға болады. Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар Пернетақтаны пайдалану Үстіңгі жолдағы пернелерді анықтау Жылдам перне дегеніміз fn пернесінің (1) жəне esc пернесі (2) немесе функционалдық пернелердің біреуінің (3) тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басып, жылдам пернелер тіркесімінің екінші пернесін аз уақыт басыңыз. Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+esc Жүйе ақпаратын көрсетеді. fn+f3 Ұйқы күйін қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды.
Жылдам пернелер тіркесімі Сипаттама fn+f9 Экран жарықтығының деңгейін төмендетеді. fn+f10 Экран жарықтығының деңгейін ұлғайтады. Пернетақталарды пайдалану Компьютерде енгізілген сандық пернетақта немесе ішкі сандық пернетақта бар. Компьютерде қосымша сыртқы сандық пернетақта немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақта да жұмыс істейді.
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне сөндіру Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық пернетақтаны сөндіру үшін fn+num lk пернелерін қайта басыңыз. ЕСКЕРІМ: Енгізілген сандық пернетақта сыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанған кезде өшірулі.
Сыртқы пернетақтада num lock функциясы қосулы болса, компьютердегі num lock шамы жанып тұрады. Сыртқы пернетақтадағы num lock функциясы өшірулі болса, компьютердегі num lock шамы сөніп тұрады. Жұмыс істегенде, сыртқы пернетақтадағы num lock қызметін қосу немесе өшіру үшін: ▲ Компьютердегі емес, сыртқы пернетақтадағы num lk пернесін басыңыз.
Шарлау Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Таңдау Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері ретінде пайдаланыңыз. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРІМ: бермейді.
Қимылдарды қосу жəне ажырату үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағының шегінде орналасқан Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз. 2. Synaptics Pointing Device (Synaptics меңзегіш құрылғысы) белгішесін басып, Pointing Device Properties (Меңзегіш құрылғы сипаттары) параметрін таңдаңыз. 3. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасын нұқып, ашылған терезеде құрылғыны таңдаңыз, одан кейін Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз. 4.
Бұру Айналдыру мүмкіндігі фотосурет жəне беттер сияқты элементтерді айналдыруға мүмкіндік береді. Айналдыру үшін, сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты тірелген саусақты айналдырып, сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, оң сұқ саусақты сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. 26 ЕСКЕРІМ: Айналдыру əрекеті сенсорлы тақта аумағында жасалуы тиіс. ЕСКЕРІМ: Айналдыру мүмкіндігі зауытта өшіріледі.
5 Күтім Батареяны салу жəне шығарып алу ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз. Батареяны салу үшін 1. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралап, батареяны ұясына салып, оны (2) ұясына нық отырғанша басыңыз. 2. Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
2. Батареяны жоғары қарай (2) бұрып, оны компьютерден шығарып алыңыз. Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютер астына бекіту үшін, қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында сақтауға болады. Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін 1. Батареяны алыңыз. ЕСКЕРТУ: Жалғыз қуат көзі болатын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына апаруы мүмкін.
2. Қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясынан (1) алып, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін, бұранданы қақпаққа (2) енгізіңіз. ЕСКЕРІМ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу Жад модулі, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін 1. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте бөлімін қараңыз). 2.
3. Қызмет көрсетуге арналған есік орнына түскенше (4) оны батарея ұясына қарай сырғытыңыз жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін, қосымша бұранданы (5) салып, қатайтыңыз. Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану туралы ақпаратты алу үшін, Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 28-бетте бөлімін қараңыз. ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны батарея ұясының ішінде сақтай аласыз. 4.
32 4. Батареяны шығарып алыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте бөлімін қараңыз). 5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу 29-бетте тарауын қараңыз). 6. Қатты дискінің 4 бұрандасын қатты дисктен шығарып алыңыз. 7. Қатты дискіні ажырату үшін, қатты дискінің тілін (1) компьютердің бүйіріне қарай тартыңыз.
8. Қатты дискіні қатты диск ұясынан жоғары қарай көтеріңіз (2). Қатты дискіні орнату Қатты дискіні орнату үшін 1. Қатты дискідегі (1) ілгектерді компьютердегі кетіктермен туралап, қатты дискті ұясына бұрышта енгізіңіз, одан кейін оны (2) ұясына салыңыз.
34 2. Қатты диск орнына түскенше оның тілін (3) компьютердің ортасына қарай тартыңыз. 3. Қатты дискті бекіту үшін оның 4 бұрандасын бұрап қатайтыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу 29-бетте бөлімін қараңыз). 5. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте бөлімін қараңыз). 6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған қайта жалғаңыз. 7. Компьютерді қосыңыз. Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар.
ə. Жад модулінің шеттерінен ұстап (2), ұясынан ақырын сыртқа шығарыңыз. ЕСКЕРТУ: жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. Шығарғаннан кейін жад модулін қорғау үшін, оны электростатикалық ток өтпейтін контейнерге салыңыз. 7. Жаңа жад модулін енгізу үшін: ЕСКЕРТУ: жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. 36 а.
б. Жад модулінің сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін (3) төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз. ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, жад модулін майыстырмаңыз. 8. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына салу 29-бетте бөлімін қараңыз). 9. Батареяны қайта салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте бөлімін қараңыз). 10.
Компьютерді тазалау Тазалау заттары Компьютеріңізді қауіпсіз тазалау жəне зарарсыздандыру үшін мына заттарды пайдаланыңыз: ● Диметилбензил аммоний хлориді, ең үлкен концентрациясы 0,3 пайыз (Мысалы: бір рет қолданылатын бактерицидтік майлықтар. Бұл майлықтардың сан алуан түрі бар.
Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық қалдықтар жиналып қалуы мүмкін. ЕСКЕРТУ: Сенсорлы тақта мен пернетақтаны тазалау кезінде сұйықтықтың пернелер астына түспейтініне көз жеткізіңіз. Бұл ішкі бөліктерді бір жолға зақымдауы мүмкін.
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру Ақпаратыңызды қорғауға жеке файлдар мен қалталардың немесе бүкіл қатты дисктің (тек таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау, жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек таңдаулы үлгілерде) орнатылған оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша оптикалық диск жетегі арқылы жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау үшін Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңыз.
HP Recovery Disc Creator арқылы қалпына келтіруге арналған екі түрлі DVD дискісі келесі жолмен жасалады: ● Windows амалдық жүйесі бар DVD дискісінен қосымша драйверлер немесе бағдарламаларды орнатпай амалдық жүйе орнатылады. Бұл опция таңдалған жағдайда, бастапқы амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін DVD дискі жасалады.
DVD±RW. Қолданылатын дискілер түрі пайдаланылатын оптикалық диск жетегінің түріне байланысты болады. ЕСКЕРІМ: Ықшам дискілерге қарағанда, DVD дискілері мен қос қабатты DVD дискілеріне көбірек ақпарат сыятындықтан, сақтық көшірме жасау кезінде, оларды пайдалану дискілер санын азайту үшін пайдаланады. ● Сақтық көшірме жасау кезінде, əрбір дискіні оптикалық жинақтағыш диск жетегіне салмай тұрып нөмірлеңіз.
Басталғанда қалпына келтіру құралы арқылы ақпаратыңызды қалпына келтіру үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Басталғанда қалпына келтіру құралы пайдаланылған болса, қатты дискідегі мазмұн толығымен жойылып, қатты диск қайта пішімделеді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғаннан кейін, амалдық жүйе, сондай-ақ драйверлер, бағдарламалық құралдар мен утилиталар сақтық көшірмелерден қалпына келтіріледі. 1.
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. 4. «Press for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басу) хабары экранда көрсетіліп тұрғанда f11 пернесін басыңыз. 5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
7 Қолдау Қолдау қызметімен хабарласу Егер осы нұсқаулықта, HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығында немесе анықтама жəне қолдау орталығында берілген ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, НР компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысыңыз: АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html вебторабын қараңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютермен шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін: ● Сервистік жапсырма — мыналарды қоса маңызды ақпаратты қамтиды: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмірі (с/н) (3) Бөлік нөмірі/өнім нөмірі (p/n) (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Үлгі сипаттары (тек таңдаулы үлгілерде) Қолдау қызметіне хабарласқан кезде осы ақпарат қол жетімді болуы қажет. Техникалық деректер жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
8 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Индекс А амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 46 Өнім кілті 46 аудио кіріс (микрофон) ұясы, анықтау 11 аудио шығыс (гарнитура) ұясы, анықтау 11 Ə əрекет пернелері, анықтау 20 Б батарея, ауыстыру 27 батареяға жəне қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмалары 15 батарея орны, анықтау 15 батарея шамы 12 бөліктер алдыңғы жағы 10 астыңғы 15 дисплей 13 жоғарыдан қарағандағы көрінісі 4 оң жағы 11 сол жақ 12 В веб-камера, анықтау 13, 14 веб-камера шамы, анықтау 13, 14 Г гарнитура (а
О оптикалық диск жетегі, анықтау 11 оптикалық дискіні шығару түймешігі, анықтау 11 Ө өнім аты жəне нөмірі, компьютер 46 Өнім кілті 46 П пернелер esc 8, 9 fn 8, 9 Windows 8, 9 Windows қолданбалары 8 функционалдық 8, 9 пернелер тіркесімдері дыбысты реттеу 20 микрофон дыбысын өшіру 20 пайдалану 20 сипаттама 20 Ұйқы 20 үндеткіш дыбысын жоғарылату 20 үндеткіш дыбысын төмендету 20 экран жарықтығын азайту 21 экран жарықтығын арттыру 21 экран кескінін ауыстыру 20 пернетақта анықтау 21 енгізілген сандық 8 кірістіріл
C caps lock шамы, анықтау 5 WWAN антенналары, анықтау 13, 14 E esc пернесі, анықтау 8, 9 F f11 қалпына келтіру 43 fn пернесі, анықтау 8, 9, 20 H HDMI порты, анықтау 12 I ISP провайдері, пайдалану 17 M Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 46 N num lk пернесі, анықтау 21, 22 num lock, сыртқы пернетақта 23 num lock пернесінің шамы 5 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 12 RJ-45 (желі) шамы, анықтау 12 U USB 3.