The first HP laptop to run was Windows 7

3 Желі байланысын орнату
ЕСКЕРІМ: Интернетке қосылуға арналған жабдық пен бағдарламалық құрал компьютер
үлгісіне жəне құрылғы орналасқан жерге байланысты əртүрлі болады.
Компьютер Интернетке қосылудың келесі түрлерінің біреуін немесе екеуін де қолдауы мүмкін:
СымсызИнтернетке мобильді кіру үшін сымсыз қосылысты пайдалана аласыз.
Қосымша ақпарат алу үшін
Бар WLAN желісіне қосылу 18-бетте немесе Жаңа WLAN
желісін орнату 18-бетте бөлімін қараңыз.
СымдыИнтернетке сымды желіге қосылу арқылы шығуға болады. Сымды желіге қосылу
туралы ақпаратты НР ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет қызметі провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге
қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен
құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Жаңа Интернет жазбасын орнату немесе компьютердің параметрлерін бар жазбаны
пайдаланатын реттеу үшін көмектесетін мынадай мүмкіндіктер бар:
Интернет қызметтері мен ұсыныстары (кейбір жерлерде бар)Бұл утилита жаңа
Интернет есептік жазбасын жасауға жəне бар есептік жазбаны пайдалану үшін
компьютердің параметрлерін реттеуге көмектеседі. Бұл утилитаны ашу үшін,
Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар)
> Общение и чат (Сөйлесу
жəне чат) тармақтарын таңдаңыз.
Интернет провайдері беретін белгішелер (кейбір жерлерде бар)бұл белгішелер
Windows жұмыс үстелінде көрсетілуі немесе Online Services (Желідегі қызметтер) атты
жұмыс үстелі қалтасында топталуы мүмкін. Компьютерде жаңа Интернет жазбасын орнату
немесе компьютерді бар жазбаны пайдаланатын етіп реттеу үшін белгішені екі рет басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows
жүйесінің Интернетке қосылу шебері Windows жүйесінің Интернетке қосылу
шеберін Интернетке төмендегі жағдайлардың кез келгенінде қосылу үшін пайдалануға
болады:
Интернет провайдерінде тіркелген есептік жазбаңыз бар болған жағдайда.
Интернет есептік жазбасы болмаған жəне Интернет провайдері шебердегі тізімнен
таңдағыңыз келген жағдайда. (Интернет провайдерлерінің тізімі барлық аймақтарда
бола бермейді).
Тізімде жоқ Интернет провайдері таңдалған жағдайда жəне
таңдалған Интернет
провайдері IP мекенжайы, сондай-ақ POP3 жəне SMTP параметрлері сияқты қажетті
ақпарат берген жағдайда.
Windows Интернетке қосылу шебері мен шеберді пайдалануға арналған нұсқауларды ашу
үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану 17