The first HP laptop to run was Windows 7

ЕСКЕРІМ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет
провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
Суретте Интернетке қосылған дайын WLAN сымсыз желісінің орнатымы мысалға келтірілген.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
Сымсыз жол жоспарлағыш параметрлерін реттеу
WLAN желісін орнату бойынша көмек керек болса, жол жоспарлағыштың өндірушісі немесе
Интернет провайдері (ISP) берген ақпаратты қараңыз.
Windows амалдық жүйесінде жаңа сымсыз желіні орнатуға көмектесетін құралдар бар. Желі
параметрлерін орнату мақсатында Windows құралдарын пайдалану:
Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Сеть и Интернет (Желі жəне
Интернет) > Центр управления сетями и общим доступом
(Желілер мен ортақ
пайдалануды басқару орталығы) > Установить новое соединение или сеть (Жаңа
байланыс немесе желі орнату) > Настроить сеть (Желі орнату) тармағын таңдаңыз. Одан
кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Жаңа сымсыз компьютеріңізді жол жоспарлағышына онымен қамтамасыз етілген
желілік кабель арқылы бастапқыда қосу ұсынылады. Компьютер Интернетке сəтті қосылғаннан
кейін кабельді ажыратып, Интернетке сымсыз желі арқылы кіруге болады.
WLAN жүйесін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз.
WLAN желісін қорғау туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық нұсқаулығынан
қараңыз.
Сымсыз желіге қосылу (тек таңдаулы үлгілерде)19