The first HP laptop to run was Windows 7
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
Таңдау
Сенсорлы тақтасының сол жəне оң жақ түймешіктерін сыртқы тінтуірдің тиісті түймешіктері
ретінде пайдаланыңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану
Сенсорлы тақта бірқатар қимылдарды қолдайды. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін
сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
Қимылдың көрсетілімін көру үшін
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағының шегінде орналасқан
Отображать скрытые значки (Жасырын белгішелерді көрсету) белгішесін басыңыз.
2.
Synaptics Pointing Device (Synaptics меңзегіш құрылғысы) белгішесін
басып,
Pointing Device Properties (Меңзегіш құрылғы сипаттары) параметрін таңдаңыз.
3. Параметры устройства (Құрылғы параметрлері) қойыншасын нұқып, ашылған терезеде
құрылғыны таңдаңыз, одан кейін Параметры (Параметрлер) пəрменін таңдаңыз.
4. Көрсетілімді бастау үшін, қимылды басыңыз.
24 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар