The first HP laptop to run was Windows 7

5 Күтім
Батареяны салу жəне шығарып алу
ЕСКЕРІМ: Батарея пайдалану туралы қосымша ақпаратты HP ноутбугінің анықтамалық
нұсқаулығынан қараңыз.
Батареяны салу үшін
1. Батареядағы ілгектерді (1) компьютердегі кетіктерге туралап, батареяны ұясына салып,
оны (2) ұясына нық отырғанша басыңыз.
2. Батареяны босату ысырмасы батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
Батареяны шығарып алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, күту күйін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі
арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмаларын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны босату ысырмаларын бір уақытта немесе бірінен соң бірін
жылжытуға болады.
Батареяны салу жəне шығарып алу 27