The first HP laptop to run was Windows 7

Қызмет көрсетуге арналған есікті алу
Жад модулі, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге
арналған есікті алыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу үшін
1. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте
бөлімін қараңыз).
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті босату үшін, батарея ұясын өзіңізге қаратып, қосымша
берілетін қауіпсіздік бұрандасын (1) алыңыз (егер қосымша бұранда қолданылса,
Қосымша
қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 28-бетте қараңыз), одан кейін қызмет көрсетуге
арналған есік ысырмаларын (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны батарея ұясының
ішінде сақтай аласыз.
ЕСКЕРІМ: Қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмаларын бір уақытта немесе
бірінен соң бірін жылжытуға болады.
3. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына қарай сырғытып (3), оны
шешіңіз (4).
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Жад модулі ұясы, қатты диск, қызметтік жапсырма мен басқа бөліктерге кіргеннен кейін қызмет
көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу үшін
1. Қызмет көрсетуге арналған есіктегі ілгектерді компьютердегі кетіктерге туралау үшін,
қызмет көрсетуге арналған есікті төмен еңкейтіңіз (1).
2. Қызмет көрсетуге арналған есіктің артқы жиегіндегі туралау ілгектерін (2) компьютердегі
кетіктерге енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Босату ысырмалары қызмет көрсетуге арналған есікті өз орнына (3)
орналастырады.
30 Бап 5 Күтім