The first HP laptop to run was Windows 7
3. Қызмет көрсетуге арналған есік орнына түскенше (4) оны батарея ұясына қарай
сырғытыңыз жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту үшін,
қосымша бұранданы (5) салып, қатайтыңыз.
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану туралы ақпаратты алу үшін,
Қосымша
қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 28-бетте бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, оны батарея ұясының
ішінде сақтай аласыз.
4. Батареяны компьютерге салыңыз (Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте бөлімін
қараңыз).
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығарып алу үшін
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту 31