The first HP laptop to run was Windows 7

4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу
жəне орнына салу 29-бетте бөлімін қараңыз).
5. Батареяны қайта салыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте бөлімін қараңыз).
6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта жалғаңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру
Компьютерде екі жад модулінің ұясы бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғу немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей болу керек.
Жад модулін қосу немесе ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ: мəліметтердің жоғалуын немесе жүйенің жауапсыз қалуын болдырмау:
Жад модульдерін қоспас немесе алмастырмас бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер қосулы
тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жад модулін шығармаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе күту күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Одан кейін компьютерді амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
1. Жұмысты сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерді айнымалы ток розеткасынан жəне жалғанған сыртқы құрылғылардың
барлығын ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу 27-бетте қараңыз).
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне
орнына салу 29-бетте тарауын қараңыз).
6. Егер жад модулін ауыстырып жатсаңыз, бар жад модулін алып тастаңыз:
а. Жад модулінің екі жағындағы ұстап тұратын қыстырғыштарды (1) тартып алыңыз.
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
Жад модульдерін қосу немесе ауыстыру 35