The first HP laptop to run was Windows 7
6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Ақпаратыңызды қорғауға жеке файлдар мен қалталардың немесе бүкіл қатты дисктің (тек
таңдаулы үлгілерде) сақтық көшірмелерін жасау, жүйені қалпына келтіру дискілерін (тек
таңдаулы үлгілерде) орнатылған оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе
қосымша оптикалық диск жетегі арқылы жасау немесе жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
үшін Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігін пайдаланыңыз
.
Жүйе ақаулығы жағдайында, сақтық көшірме файлдарын компьютер мазмұнын қалпына келтіру
үшін пайдалануға болады.
Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру құралының төмендегідей
мүмкіндіктері бар:
●
Жүйені қалпына келтіру дискісін (тек таңдаулы үлгілерде) орнатылған оптикалық диск
жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) немесе қосымша оптикалық диск жетегі арқылы жасау
● Ақпараттың сақтық көшірмесін жасау
● Жүйенің кескінін
жасау (тек таңдаулы үлгілерде)
●
Сақтық көшірмелердің автоматты жасалуын жоспарлау (тек таңдаулы үлгілерде)
●
Жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасау
● Жеке файлдарды қалпына келтіру
●
Компьютерді бұрынғы күйге келтіру
●
Ақпаратты қалпына келтіру құралдары арқылы қалпына келтіру
ЕСКЕРІМ: Толық нұсқауларды алу үшін Анықтама жəне қолдау орталығында қажет бөлімді
іздеңіз.
Жүйе тұрақсыздығы жағдайында, НР компаниясы қалпына келтіру процедуралары туралы
ақпаратты басып шығарып, оларды кейін пайдалану мақсатымен сақтауға кеңес береді.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесінде компьютердің қауіпсіздігін жақсартуға арналған пайдаланушы
жазбасын басқару мүмкіндігі бар. Бағдарламалық құралды орнату, утилиталарды іске қосу
немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды орындау үшін сізден рұқсат
немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты «Анықтама жəне қолдау» бөлімінен
қараңыз.
Қалпына келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator
бағдарламасы арқылы жасау
HP Recovery Disc Creator бағдарламалық құралы қалпына келтіру медиасын жасаудың
баламалы тəсілі болып табылады. Компьютердің параметрлері орнатылғаннан кейін қалпына
келтіру медиасын HP Recovery Disc Creator бағдарламасы арқылы жасай аласыз. Қатты диск
зақымданған жағдайда бұл қалпына келтіру медиасы арқылы жүйені қалпына келтіруге болады.
Жүйені қалпына келтіру кезінде бастапқы амалдық жүйе жəне зауытта орнатылған
бағдарламалық құралдар қайта орнатылады, содан кейін бағдарламалардың параметрлері
орнатылады
.
40 Бап 6 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру